03 Қыркүйек, 2016

Көшпелілер ойындары: Қырчын шатқалы қызу дайындықта (фото)

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-09-16-kyrchyn-3

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы жеріндегі Қырчын шатқалы Көшпелілердің екінші бүкіләлемдік ойындарына қызу дайындалу үстінде. Мұнда қырғыздардың көшпелі өмір салтын таныстыруға арналып, елдің түкпір-түкпірінен жинап алынған 280-нен артық аппақ киіз үйлер тігіліп, қонақтарды күтіп алуға әзірленіп жатыр. Үйлердің орналасулары мен стильдерінде де ерекшеліктер бар. Мысалы, «Хан-Ордо» киіз үйінің қақпалары ағаштан жасалып, үш деңгеймен тігілген, ал кірер аузында балбал-тас тұр. Бұл жерде сондай-ақ «Кыргыз алаамы», яғни «Қырғыз әлемі» деп аталатын негізгі шара өткізіледі. Қырчындағы шаралардың негізгі бөлігі 4 қыркүйек күні өтеді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ 03-09-16-kyrchyn-1 03-09-16-kyrchyn-2 03-09-16-kyrchyn-4