04 Қыркүйек, 2016

Астана марафоны басталды (фото)

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.09.16-marafon  2 Астана жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қайырымдылық мақсаттағы ірі халықаралық марафон басталды. Марафонға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Үкімет мүшелері, бірқатар отандық және халықаралық компаниялардың өкілдері, Қазақстанда тіркелген елшіліктердің қызметкерлері, сондай-ақ алыс және жақын 25 шетелдің атлеттері қатысуда. Олардың ішінде Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов те бар. Жарыс жолына шыққан 5 мыңға жуық адамның қатарында АҚШ, Бразилия, Германия, Ұлыбритания, Малайзия, Австралия, Бельгия, Иран, Ресей, Түркия, Грекия, Жапония, Өзбекстан, Қытай, Франция, Польша және басқа да елдердің азаматтары бар. Астана марафоны қалада 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жарыс 4 санат бойынша өтеді. Қатысушылар 42,2 шақырым, 21,1 шақырым, 10 шақырым қашықтыққа жүгіреді. Қайырымдылық мақсатта өтіп жатқан шараның аясында 2009 жылдан бергі аралықта 24 млн. теңге жиналып, түрлі қайырымдылық ұйымдарға қолдау жасалыпты. Нұрхан АСҚАР 04.09.16-marafon  1 04.09.16-marafon  3 04.09.16-marafon  4 04.09.16-marafon  5 04.09.16-marafon