04 Қыркүйек, 2016

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Бас хатшысымен кездесті

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-09-16-Prezident

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ, байланыстарды одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы еліміз бен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың жемісті екенін айтып, ұйымның жаһандық бастамалары мен жобаларын Қазақстанның қолдайтынын жеткізді. Пан Ги Мун елімізбен тиімді серіктестіктің одан әрі нығайып, дами беретініне сенім білдірді. Талғат РАЙЫМБЕК