04 Қыркүйек, 2016

Елбасы Жапония премьерімен кездесті

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қытайдағы G20 саммиті кезінде Жапония үкіметінің басшысы Синдзо Абэмен кездесті деп хабарлайды Ақорда. Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту перспективалары тәрізді екіжақты өзара іс-қимылдың басты бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер жөнінде пікір алмасты. С.Абэ еліміздің ядролық қарусыздану ісіндегі маңызды еңбегін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы сапары барысында Нагасакиге келуге шақырды.