19 Ақпан, 2011

Елбасы қабылдады

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруа­шы­лы­ғы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады, деп хабар­лады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қыз­меті. Министр Президентке ауыл шаруашылығы жылының қоры­тын­ды­ла­ры жайлы және Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін да­мы­ту жөніндегі тап­сырмаларының орындалу барысы туралы баян­дады. Кездесу барысында өсімдік ша­руашылығын дамыту, ылғалды жинау және суды жинау техно­логиясына арналған салаға ауысу перспективалары талқыланды, сон­дай-ақ жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі қаралды. – Республикада 24 млн. гектар егістік жер бар. Президент Жер ресурстарын басқару агенттігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы жерлерді айналымға енгізу жөнінде кешенді шара­лар­ды әзірлеу туралы тапсырма берді, – деп атап өтті министр кездесудің қорытындысы бой­ын­ша журналистерге арналған брифингте. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «KEGOK» АҚ президенті Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. А.Сәтқалиев Мемлекет бас­шы­сына Қазақстанның тұтыну­шы­ларын энергиямен жабдық­тау­дың ағымдағы жағдайы туралы есеп берді және компанияның 2025 жылға дейінгі кешенді да­муы­ның ұзақ мерзімді страте­гия­сы­мен таныстырды.