Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық БАҚ өкілдеріне Қытайға сапарын қорытындылайтын брифинг өткізді деп хабарлайды Ақорда. Елбасы G-20 саммитіне өзінің екінші рет қатысып отырғанын және биыл ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен келгенін айтты.
– Жер шары тұрғандарының 70 пайызын және әлемдік экономиканың жартысын құрайтын мемлекеттердің басшылары бас қосатын осындай ірі іс-шараға қатысу – Қазақстан үшін зор мәртебе. Мұнда жаһандық экономика мен саясаттың салмақты мәселелері талқыланады, ірі өңірлік және әлемдік мәселелер, соның ішінде қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша ортақ ұстанымдар әзірленеді. Бірінші сессияда сөз сөйлеген кезде мен осы барлық мәселелер жөніндегі Қазақстанның көзқарасын ұсындым. Саммиттегі пікірсайыс барысында ғаламның тынысын сезініп, әлемнің дамыған және дамушы елдерін алаңдатқан проблемаларын ұғынасың. Қазақстанға да осында көтерілген мәселелерді ескеріп, онымен алдын ала айналысуы керек, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның индустрияландыру және инвестициялар тарту бағытында уақтылы күш-жігер жұмсағанын айтып, оның қайтарымды болатынына сенім білдірді.
– Қазір жұмыссыздықтың төменгі деңгейін сақтап, жаңа жұмыс орындарын ашуды ойластыру қажет, дағдарыспен күрестен экономикалық өсімге қадам басу керек. Біз 9 қыркүйекте өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы туралы айтатын боламыз, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті саммитпен қатар оның ҚХР-ға жұмыс сапары болып өткенін еске салды. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміз көтерген екіжақты қарым-қатынастың барлық мәселесіне Қытай тарапы қызығушылық пен мүдделілік білдіріп отырғанын айтты.
• 05 Қыркүйек, 2016
Елбасы G20 саммитіне ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен келгенін айтты

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше