05 Қыркүйек, 2016

«Қазақпараттың» сайты мен дизайны жаңарады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05 09 - kazinform «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің алдында тұрған негізгі міндет – еліміздің ең басты ақпарат сайты дәрежесіне сай болу. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Әсел Төлегенова мәлімдеді. «Егер орта есеппен алатын болсақ, «ҚазАқпарат» сайтына тәулігіне 27 мың адам кіріп, ондағы ақпараттарды оқиды екен. Ал алдағы уақытта біз бұл көресткішті 45 мыңға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Ол үшін ең алдымен, біздің контентіміз түбірімен жаңаланады. Әрине, бұрынғыдай мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттар тұрақты түрде беріліп тұрады. Бірақ одан бөлек, біз қарапайым интернет пайдаланушы оқырманның талап-тілегіне жауап беретін, сол арқылы оларды қызықтыратын, ойларынан шығатын дүниелерді жариялауды назарда ұстайтын боламыз», деді Әсел Дулатқызы. Оның айтуынша, алдағы уақытта агенттік сайтында жарияланатын ақпараттарды берудің қалыбы да өзгермек. «Хабарлардың тақырыптары ойнақы, ал мазмұны оқырмандарға жеңіл қабылданатындай стильде жазылады. Бұған қоса, біздің логотипіміз өзгереді. Яғни, халықаралық ақапарт агенттігі атына сай болу үшін біз логотипке кейбір жаңа элементтерді енгіздік. Біз сайт қолданушыларымен кері байланыс орнатып, оларды толғандыратын мәселелерге де үн қосып отыратын болдамыз», деді агенттіктің бас директоры. Баспасөз-мәслихатында «ҚазАқпарат» өкілдері сондай-ақ, бүгінде сайттың техникалық тұрғыда жаңалануы мен өзгеруіне, дизайнның жаңаруына айрықша мән беріліп отырғанын, бұлардың барлығы агенттік сайтының әрдайым трендте болу қажеттігінен туындап отырғанын атап өтті. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ