Қытай америкалық THAAD зымыранға қарсы қорғаныс (ЗҚҚ) жүйесінің Оңтүстік Корея аумағына орналастырылуына қарсы. Бұл туралы Қытай төрағасы G20 саммиті алаңында Оңтүстік Корея президентімен өткен кездесу барысында мәлімдеді.
«Мәселенің дұрыс реттелмеуі өңірдегі стратегиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектеспейді, тіпті, қазіргі шиеленістерді одан әрі қиындатып жіберуі мүмкін», деп атап өтті Си Цзиньпин.
THAAD жүйесі әрекет ету радиусы шағын және орташа болатын зымырандарды биіктікте қағып әкетуге арналған. Сеулдың мәлімдеуінше, зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің әрекет ету радиусы 200 шақырымнан аспайды және ол Солтүстік Кореяның арандатушылық әрекеттеріне қарсы бағытталған. Сондай-ақ Оңтүстік Корея билігі зымыранға қарсы жүйені ел аумағына 2017 жылдың соңында орналастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.
Пхеньян Оңтүстік Кореяның бұл әрекетіне әлдеқашан қарсылық білдірген болатын. Қазір олар жоба жүзеге асырылған жағдайда, оған қарсы әскери әрекетке баратынын ескертуде.
Сонымен қатар, Ресей де Вашингтон мен Сеулдың мақсаттары жайында алаңдаушылық білдірді.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 05 Қыркүйек, 2016
Қытай Оңтүстік Кореяда зымыранға қарсы жүйе орнатуға қарсы

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше