06 Қыркүйек, 2016

G-global-дың дайын ұсыныстары бар

211 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
БектургановG-Global алаңы құрылғаннан бергі кезеңде әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы экономистерінің арасында  үлкен беделге ие болған­дығы белгілі. Оның ішінде жаһандық экономиканың қыр-сырын білетін Нобель сыйлы­ғының лауреаттары да  жақсы пікірде. Біз аталған алаңның шын мәнінде де,  бүкіл жаһандық экономика жүйесінде және әртүрлі елдерде  пайда болатын ең өзекті деген экономикалық мәселелер туралы  пікір алысатын жұмыс алаңына айналғандығын білеміз. Сол себепті де ол барлық пікірлерді жинақтап, нақты ұсыныстарымен G20-ға  шығуға  әзір отыр деп айтуға болады. Бұл өз кезегінде  дамушы елдер бар, экономикалық қуатты елдер бар, жалпы барлық елдер үшін    тәуекелділікті төмендетіп, үкімет басшыларына өз қимылдарын үйлестіруге  жан-жақты мүмкіндік береді. Осы жерде  кім осының барлығын үйлестіріп отырады деген заңды сауал туындайды. Әлемдік экономиканың 70 па­йызына иелік етуші елдер ме, әлде бұл Жер шары халқының барлығына қатысты ма?  Біз дамушы елдердің бар екендігінен де,  әсіресе, әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында экономикалық жағ­дайы күрделі  елдер бар екендігінен де жақсы хабардармыз.  Осы тұрғыдан келгенде, әрине, біздің Мемлекет басшысының ұсынып отырғаны –  әрбір ел көрпені өзіне қарай тартпай, яғни  өз экономикасына қарай бұра тартпасы үшін біртұтас құрылым құру керек екендігі айдан анық.  Шынында да, бұл  барлығы үшін ортақ шешім қабылдауға ұйытқы болар еді.  Бұл  қаржылық нарықты реттеуге де, ОПЕК елдері өзара келісімге келе алмай отырған мұнай проблемасын шешуге де қатысты. Басқа да табиғи ресурстарға және басқа да салаларға тікелей  қатысты. Біз қазіргі кезде экономиканың жаһандануына келіп тіреліп отырмыз, жаһандану жайлағалы қай заман. Әрбір елде оның жаңғырығы естіледі.  Сол себепті, әлем елдерінің экономикасы үшін  аталған үдерістерге өзінің пайдалы қайтарымы арқылы ықпал ететін орган Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған орган болмақшы. Ал аталған үдерістерге міндетті түрде ықпал ету керек. Серік БЕКТҰРҒАНОВ, Парламент Сенатының депутаты