Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 3 қыркүйек күні кешке Қырғызстанның Ыстықкөл облысының орталығы – Чолпон-Ата шаһарының ипподромында Көшпелілердің бүкіләлемдік II ойындары салтанатты жағдайда жалау көтерді.
Ойындардың ашылу салтанатында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев сөз алып, қатысушылар мен қонақтарды осынау орасан зор оқиғамен құттықтады. Ол елдің бір мезгілде 62 мемлекеттің 1 мың адамға жуық спортшыдан тұратын үлкен делегациясын қабылдай алып отырғанына мақтаныш сезімін білдірді. Қырғыз елінің басшысы соңында Ойындарды ашық деп жариялады.
Арада бір күн өткеннен кейін таяк тартыш жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды. Әйелдер арасында – 5, ерлер арасында 7 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Бұл үлесте Қазақстан командасы қоржынына 1 күміс, 2 қола медаль түсті. Атап айтқанда, бізден 65 кг салмақта сынға түскен Эльмира Эзыями – екінші, 85 килодан ауыр салмақта бағын сынаған Сураи Шаропова мен 80 кг салмақта күш байқасқан Роман Григорьев үшінші орындарға табан тіреді.
Келесі күні көкпар мен күрес түрлерінен жарыстар сөреден шықты. Мұнда бірінші күні қазақстандық көкпаршылар Қытай командасын 15:1 етіп ойсырата ұтты. Ал кеше Қазақстан және Қырғызстан жасақтарының өз топтарында барлық қарсыластарын жеңіп, финалға шыққандары белгілі болды.
Ойындарда қазақ күресі турнирі бәрінен бұрын мәреге жетті. Онда 5 салмақ дәрежесінің 4-інде біздің балуандар ешкімге дес бермеді. Соның ішінде Талғат Шегенов (60 кг), Әділет Сейілханов (70 кг), Дәулет Пахриденов (80 кг) және Сұңғат Зәкәряев (90 кг) чемпион атанса, Еламан Ерғалиев (+90 кг) күміс медальді қанағат тұтты.
Қазір бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша 10 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жинаған Ресей спортшылары командалық есепте бірінші орында келеді. Екінші орынға 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль алған Қазақстан шықты.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10