06 Қыркүйек, 2016

Астана марафоны мәреге жетті

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ERA_8393 (7)+Астанада жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қайы­рымдылық мақсаттағы ірі халық­аралық марафон өтті. Оған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков, бірқатар Үкімет мүше­лері, отандық және халықаралық компаниялардың өкілдері, Қазақ­станда тіркелген елшіліктердің қыз­меткерлері, сондай-ақ, алыс және жақын 25 шетелдің өкілдері қатысты. Мара­фонға қатысқандардың арасын­да Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов, Олим­пия ойындарының жүлдегерлері бар. Таңғы сегізде басталып, түс ауа қорытындысы шығарылған жарыс барысында 10 шақырымдық қашықтықта әйелдер арасында Мөлдір Мекенбаева бірінші болып мәре сызығын қиып өтті. Ерлер арасында Азамат Сабыржанов же­ңім­паз атанды. 21,1 шақырым қа­шық­тықта бірінші орын Самал Иса­баеваға бұйырса, ерлер арасында Ағзам Әріпжановтың бағы жанды. Ал ең ұзақ – 42,2 шақырым қашық­тықта Ақмарал Мейірман мен Айдын Қасен бірінші орындарды иеленді. «Спортшы отбасы» аталымында Пәкістаннан келген отбасы жеңімпаз атанды. Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Адидас» фирмасының атынан тиісін­ше қаржылай сыйақы берілді. Мәре сызығынан өткеннен кейін қатысушылар Рио Олимпиадасының жеңім­­паздарымен және жүлдегер­лерімен естелік суретке түсті. Спорт ша­расына қатысушылар мен оны  тама­ша­лау­ға жиылған жұрт­шылық алдында сөз алған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов: – Баршаңызға көп рахмет! Бүгінгі маңызды шарамен сіздерді құттықтаймын! – деді. Астана марафоны қалада 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйым­дас­тырылып келеді. Қайырым­дылық мақ­сатта өтіп жатқан шараның аясында 2009 жылдан бергі аралықта 24 млн теңге жиналып, түрлі қайы­рым­­­­дылық ұйымдарға қолдау жасалыпты. Нұрхан АСҚАР Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ