Оңтүстік Қазақстан облысы адам ресурсына бай аймақ. Жыл сайын мектеп табалдырығын 70 мыңнан астам бүлдіршін аттайды. Осыған орай мемлекет тарапынан жаңа білім ошақтарын салуға ерекше мән беріледі.
Биылғы жаңа оқу жылында облыста еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жыл сайын жиырмадан астам мектептер пайдалануға берілсе де адамға бай Оңтүстікте үш ауысымды мектептер әлі бар. Сондықтан, 7 мектеп үш ауысымды мектептердің санын азайтса, 6 оқу орны ыңғайластырылған ғимараттардың орнын ауыстырды. Ал қалған мектептер оқу орны жоқ ауылдардан ашылды.
Еңбектің ең үлкені – білім. Жаһандану барысында біз білім сапасына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Сонда ғана бәсекеге қабілетті ел боламыз. Биыл 73 мыңнан аса бірінші сынып оқушылары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, төрт мыңға жуық балаға көбейген.
«Ынтымақ» шағын ауылындағы жаңа мектеп 900 орындық. Үш қабатты білім ошағында жиырма тоғыз оқу кабинеті, лабораториялық орталықтар мен оқу, мәжіліс залы және кітапханасы бар. Бұған қоса айтарымыз, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда 67 білім нысанының құрылысы жүргізілсе, бүгінге дейін соның 34 мектебі мен 4 балабақшасы ел игілігіне берілді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10