06 Қыркүйек, 2016

Ет те, май да «EtMai»-да

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
EtMai.kzЕлімізде енді  EtMai.kz ауылшаруашылық порталы жұмыс істейді. Бұл ауыл шаруашылығы саласында Қазақстан нарығындағы сатып алушылар мен сатушыларды біріктіретін, тегін хабарламалары бар арнайы интернет алаңы болмақ. Онда ауылшаруашылық жануарлары, барлық ет, сүт өнімдері, соның ішінде ұлттық өнімдер, көкөністер және жеміс-жидектер, кепкен жемістер, ара шаруашылығы өнімдері, дәнді дақылдар, жарма, жаңғақ, мал азығы және тағы басқа да ауылшаруашылық тауарлары саудаланады. Сондай-ақ,  техникалар мен түрлі құралдарды да осы сайттан оңай табу мүмкіндігі ашылады. Сонымен қатар, мұнда ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңалықтар жазылып, талдамалы, сараптамалық мақалалар да орналаспақ. «Егемен-ақпарат»