06 Қыркүйек, 2016

Отанға қызмет – мерейлі міндет

423 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Иманғали ТасмағамбетовАстанада Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен генерал-майор Жомарт Қуанғалиев пен Аманжол Оспановты салтанатты түрде запасқа шығарып салу рәсімі өтті. Қорғаныс министрлігінде офицерлер үшін маңызды шара, яғни жауынгерлік тумен қош­тасу рәсімі алғаш рет өтті. Қорғаныс ми­нистр­лігінің құрмет қарауылы ротасы мен ту ұстаушы топтың қатысуымен генерал­дар­ды шекті жасқа жетуі бойынша боса­ту туралы бұйрық оқылды. Генерал-ма­йор Жомарт Қуанғалиев пен Аманжол Ос­панов кезекпе-кезек жауынгерлік тудың жаны­на келіп, бас иді. Осылайша олар туға әске­ри сәлем берді. «Шынымен де нағыз командирлер, а­р­мия­­­мыздың бетке ұстар генералдары әс­ке­ри қыз­меттерін осымен аяқтауда. Олар әс­­­ке­рі­­міздің құрылуының басы-қасын­да бо­лып, өздерінің білімдерімен және тәжіри­бе­­лері­­мен тәуелсіз мемлекетіміздің әскери сал­ас­ы мен қуатты қорғанысының дамуына қо­­мақ­­ты үлес қосты», – деді Қорғаныс ми­нистрі И.Тасмағамбетов салтанатты рәсім барысында. Шығарып салу кезінде генералдардың әс­ке­ри дара жолы, олардың қалыптасуы мен же­тіс­­тіктері туралы деректі фильм көрсетілді. Генерал-майор Жомарт Қуанғалиев Қазақ­стан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Орталық командалық пун­к­тін, генерал-майор Аманжол Оспанов Қазақ­стан Республикасы Қарулы Күштері Қару-жарақ бас басқармасын басқарғанын ай­та кетейік. Әскери қызметшілер 40 жыл бойы жауынгерлік сапта болды. Оның тең жар­ты­сының біршама жылдарын қазақ­стан­дық армияның қалыптасуына сарп етті. Олармен бірге қызмет атқарған жауынгерлік қаруластары, Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы олардың көп жылдық еңбек­теріне шын жүректен алғыстарын білдіреді. «Жоғарғы Бас қолбасшыға, мемлекетке және халыққа қызмет ету жоғары абыройды әрі қарай да алып жүретіндеріңізге сенімдімін. Бұл алдағы екі айтулы оқиға Тәуелсіз­дігіміздің 25 жылдығы мен Қазақ­стан Қарулы Күштері құрылуының 25 жыл­дығы қарсаңында ерекше маңызды. Себебі алдымызда еліміздің қорғаныс қабілет­тілігін қамтамасыз етудегі жаһандық тапсыр­ма­лар тұр», деп атап өтті Қорғаныс министрі. Генерал-майор Жомарт Қуанғалиев Ростов жоғары әскери командалық учили­ще­сін және Ф.Дзержинский атындағы Әс­кер­и академияны тәмамдаған. Қазақстан ар­мия­сы құрылғанға дейін зымыран әскер­лері­нің «инженер-электригі» жоғары әскери-ар­наулы білімімен дивизиядағы бірден-бір қа­зақ офицері болған ол Алтай өңірінде қыз­мет атқарып, «подполковник» шеніне дейін көтеріл­­ген. «КСРО Қарулы Күштерінде Отан­­­ға қызмет еткені үшін» ордені, ІІІ дәре­­желі «Айбын», ІІ дәрежелі «Даңқ» ор­ден­дерімен және көптеген медальдармен мара­паттал­ған. Генерал-майор Аманжол Оспанов Омбы жоғары танктік инженерлік училищесін және Ресей Федерациясы Қорғаныс ми­нистр­­лігі Броньды танкті әскерлер әскери ака­де­­­миясын бітірген. ІІ дәрежелі «Айбын» ор­дені­мен, мерейтойлық және еңбек сіңір­ген жыл­дары үшін 8 медальмен марапат­тал­­­ған. Генерал-майор Аманжол Оспанов қыз­­ме­тін Германияда бастаған. Онда рота бас­қарған.  Сәулебек БІРЖАН