Жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға осы ел Төрағасы Си Цзиньпиннің арнайы шақыруымен барды. Сапары аясында Елбасы Қытай басшысымен кездесіп, көп мәселені талқылады. Осыған сәйкес, алдағы уақытта Қазақстанның ауыл шаруашылығы кешенінің өнімдері, мәселен, астық Қытай нарығына экспортталатын болады. Бұл бір ғана мысал. Бұдан өзге де келіссөздер жасалды. Жалпы алғанда, бұл кездесу екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға сеп болды деп ойлаймын.
Қытай – алпауыт мемлекет. Ресурсы өте көп, әлеуеті де зор. Оның төраға болып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастыруы да көрші ел дәрежесінің қандай екенін әлемге тағы бір айғақтай түсті. Біздің бұл елмен арадағы серіктестік байланысымыз уақыт өткен сайын жанданып, ортақ келісімдерге қол жеткізілуде, ортақ жобалар қолға алынуда. Біздің «Ұлы Жібек жолын» қайта жандандыруда, «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыруда бірлесе атқаратын жобаларымыз бар. Бұл ретте, көрші елдің қолдауы ауадай қажет. Мұндай кездесулер екі елдің экономикасына үлкен ықпалын тигізіп қана қоймай, пайда әкеледі деген үмітім бар. Ендеше, қол қойылған құжаттарға, қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, үлкен нәтижелер күтеміз.
Ал осы алпауыт мемлекеттің Ханчжоу қаласында өткен інің орны тіпті айрықша болды. Жалпы, «Үлкен жиырмалықтың» әрбір саммитінде түрлі мәселе күн тәртібіне қойылады. Ол мәселелер қазіргідей әлемдік экономикалық дағдарыс уақытында өте өткір және өзекті. Олардың нәтижесін, әрине, уақыт көрсетеді.
Қауіпсіздік қалқаны әлсіреп тұрған кезеңде ел президенттері осылай ауық-ауық кездесіп, күрделі мәселелерді өзара талқылай берсе, бәлкім, шиеленісті жайттардың түйіні тарқатылып, қатып қалған тоң жібір ме еді. Бір атап өтерлігі, Қазақстан Президентінің G20-ның саммитіне қатысып, сөз сөйлеуі – еліміз үшін үлкен дәреже әрі мәртебе. Сондықтан болашақта бұл жиынның нәтижесі болады дегенге сеніммен қарауымыз керек.
Енді Елбасы саммитте көтерген мәселелерге тоқталсақ, Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде әлемдік экономиканың, сауда мен капитал қозғалысының өсу қарқыны баяулап келетінін алға тарта келе, бұл ретте, халықаралық қаржы саласын жетілдіру қажеттігі жөнінде ұсынысын жеткізді. Бұл – өте дұрыс көтерілген мәселе. Себебі, қазіргі таңда әлемде қалыптасқан күрделі жағдай баршамызға аян. Ал осындай кезеңде жаһандық дамудың бұдан арғы жолы Елбасы айтқандай, бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың іс-қимылының жүйелілігіне байланысты болып тұр. Егер мемлекеттер бұл бағытта күш біріктірсе, олардың жағдайы да жаман болмас еді.
Қазақстан Президенті «Үлкен жиырмалықтың» жиынында терроризм, ядролық қарусыздану және атом қаруын таратпау мәселесін де көтерді. Бұл тек қана Қазақстанды ғана мазаламауы тиіс. Оны, ең алдымен, әлемдік деңгейдегі мәселе ретінде қарастыру керек. Мәселен, саммитте Елбасы «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде көтерілген ядролық және жаппай қырып-жоюға арналған өзге де қару түрлерінен азат әлем қалыптастыру бастамасы халықаралық қоғамдастық тарапынан қолдау табады деп сенім білдірді, ал терроризмді толық жеңу үшін G20-ның барлық мүшесі мен басқа да мүдделі мемлекеттердің бірлесе күш жұмылдыруы қажеттігін атап өтті.
G20 – ауқымды пікірталас және үнқатысу алаңы. Оған қатысушылар өткір тұрған дүниелерді жан-жақты талқылайды, пікір алмасады. Әркім өзінің ұстанымында тұрған күннің өзінде мұндай талқылаулар белгілі бір келісімге келуге ықпал етуі мүмкін. Ал қандай нәтиже болуы мүмкін дегенге келсек, оны алдағы өмір көрсетеді. Болашақта G20-ға мүше елдер көтерген мәселелердің барлығы болмаса да, белгілі бір дүниелер өз шешімін табады деп ойлаймын.
Еліміз G20 құрамында емес. Алайда, ҚХР Төрағасының арнайы жұмыс сапарымен шақыруына орай, Елбасымыздың алқалы жиынға қатысып, онда сөйлеуге мүмкіндік алуы – еліміздің дәрежесін көтеріп қана қоймай, абыройын асқақтатты, Мемлекет басшысының беделін көрсетті.
Төлеутай СҮЛЕЙМЕНОВ,
Қазақстан Президенті жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі

Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00