09 Қыркүйек, 2016

Жаһандық мәселелер

9973 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
g20-chinaG20 саммитінде Елбасының аузымен айтылды Әлемнің алпауыт елдері бас қосатын G20 басқосуына кез келген елдің президентін шақыра бермейді. Сондықтан да Қытайдағы еліндегі әлемнің ең жоғары дамыған 20 мемлекеті басшыларының отырысына Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың шақырылғанына қуандық және оның сөзін тыңдағанша қобалжып, тақымымызды қысып отырдық. Тәуелсіздігіміздің 25 жылында Қазақ елінің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев өзінің салиқалы ішкі және сыртқы саясатының ар­қа­сында Ұлы Дала елінің қан­дай екенін әлемге танытты. Бүгін «Қазақстан», «Астана», «Назарбаев», «ЭКСПО-2017» деген сөздерді естіген адамзат төзім­ділік пен бейбітшілік, тату­лық пен парасат, даму мен бол­жал­дылықты көзіне бірге елестетеді. Қазақстанның қазіргі таң­дағы дамуы Тұңғыш Прези­дент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қа­зақ­стан Президентінің баста­ма­сымен мемлекет өмірінің бар­лық бағыттары бойынша жүзеге асырылған идеялар елі­міз­дің саяси-экономикалық реформаларын жеделдетіп, даму бағыттарын айқындау арқылы ұлттық мемлекеттің гүлденуін қамтамасыз етті. Елбасының сарабдал сая­саты Қазақстанның әлем қоғам­дастығы мойындаған «Қазақстан жолы» деген атауға ие болып, өз бағдарын табуына мүмкіндік берді. Қазақстанның көптеген халық­аралық ұйымдарға төр­ағалық етуі – жас мемлекетті және оның өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктерін, жаһандық саясатқа қосқан зор үлесін шынайы мойындау еді. 2015 жылы америкалық бейбітшілік қорының рейтингісі бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде ең тұрақты мем­­­лекет деп танылды. Соң­ғы жылдары Қазақстан жан ба­сы­на шаққандағы шетел ин­вестицияларын тарту бо­йынша әлемдегі көшбас­шылардың қатарында. Дүниежүзілік банк­тің рейтингі бойынша біздің еліміз инвестиция құю ахуалы үздік елдердің ондығына кірді. Қазір Қазақстан жоғары сапалы ұнды экспорттау бойынша әлемдегі алдыңғы орындардың біріне шықты. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бас­таған Еуразиялық эконо­мика­лық одақтың аясында, тауар айналымы аса қарқынды өсуде. 2015 жылы Қазақстан ДСҰ-ға кірді. Осы ұйымға кіру үшін дайындық жұмыстары жиыр­ма жыл бойы жүргізілді десек болады. Біздің елімізде инфля­­ция деңгейі 5%-дан аспайды. Бұл – Орталық Азияда ғана емес, соны­мен бірге, бүкіл ТМД бо­йын­ша да өте табысты көр­сеткіш. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қазіргі әлемдегі ең көрнекті реформаторлардың бірі екені даусыз. Жалпы айтқанда, ол бүгінде барлық әлем елдерін «дамыған», «дамушы» және «артта қалған» деп бөлу туралы таптаурындарды жаңаша, қайта қарастыруға қабілетті жаңа экономикалық саясатқа ұйтқы болған жан. Шетелдіктер қазіргі заманғы қазақстандықтардың мінез-құлқына әбден сіңіп кеткен белсенділік пен жоғары дәре­жедегі іскерлікке таңғала­ды. Біз «Жалпыға бірдей ең­бек қоғамына» айналып отыр­мыз. Осы мақсатта бес инсти­туттық реформаны орындау бойынша «100 нақ­ты қадам» – Ұлт Жоспары қабылданып, іске асырылып келеді. Міне, осындай елдің бас­шысы сөз алғанда барлық G20 елдерінің басшылары құлақ түрді. Оларға жаңа заман­дық ахуалға икемделіп, эконо­ми­калық дамудың озық жолына түскен кеше ғана тәуелсіздігін алған, дамушы ел басшысының пікірі мен ұсыныстары көңіл арбайтындай болды. Әрине, бүгінгі таңда бүкіл адамзат өте қиын жағдайда тұр. Әлемдік дағдарыс мықтыны да, әлсізді де аямайды. Сондықтан жаңа ой, жаңа көзқарас, жаңа пайым керек. Осы бағытта Елбасының біраз ұсыныстары бізді де, басқаларды да қызық­тырды. Соның ішінде оның мем­лекеттердің арасында үйлесімдік жасап, барлық істе ақылда­сып отыру керек деген ұсынысы өте орынды болды. Әлемдегі 200-ге жуық ел жеке-жеке түйе айдап, өз жолымен кетіп қалса, көптеген экономикалық ортақ мәселелерді шешу өте қиын екені даусыз. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы және қаржыны халықаралық тұр­ғыдан реттеудегі басты рөлді біртұтас жаһандық ұйым атқаруы тиіс деген жаңа пікір білдіре отырып, оны БҰҰ жа­ны­нан құруды қажет ететін Жаһандық даму кеңесі атқару керек дегені көрегендікпен айтылған өте орынды ұсыныс болды. Сонымен қатар, Мем­лекет басшысы қазіргі уақытта монетарлық, фискалдық сая­сатты үйлестіру мен құры­лым­дық реформалар жүргізудің маңыздылығын, алайда, ұзақ мерзімді тұрақтылықты қам­тамасыз ету үшін бұл да жет­кіліксіз екенін атап көрсетті. Ол дамушы елдерді қоса алғанда, бүкіл әлемде айырбас баға­мын тұрақтандыруға қатысты неғұрлым тиімді ұсыныстар әзірлеу қажет, деді. Әсіресе, Елбасының индус­триалдық революцияға, сандық экономикаға және инновацияға сүйену керек екендігін бәрі де қолдайды деп ойлаймыз. Осы орайда оның G-Global ақпа­рат­тық және байланыс алаңына сүйену керек дегені өте дұрыс пікір деп санаймыз. Себебі, бұл – өте ықпалды және тәжірибелі алаң. Президент Қазақстан­да құрылған және барлық қатысушылар үшін ашық о?? сы G-Global ақпараттық-ком­муникативтік алаңын бір мысал ретінде қарастыруды ұсынды. Онда қазір 140 мем­лекеттің 30 мыңнан астам сарапшы басын қосып отырған болса, олардың әлеуетін бүкіл әлемдік мақсатқа неге пай­даланбасқа? Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның орнықты даму мақсат­тары мен Париж келісімінің және «жасыл экономика» қағи­даттарының іске асуына Қазақстанның белсенді қолдау көрсетіп отырғанын атап көр­сет­ті. 2017 жылы Астанада «Бо­ла­­шақтың энергиясы» тақы­рыбымен өткізілетін ЭКСПО халықаралық көрмесі осыған қызмет ететіні де айтылды. Елба­сы осы көрмеге қатысуға бар­­лық мемлекеттерді шақыра­ты­нын айта келіп, онда БҰҰ-ның қолдауымен тиісті іс-шаралар өткізуге болатынын да жеткізді. Өзінің сөзінде Қазақстан Президенті осы заманғы ең өзекті мәселелердің бірі ретінде ядролық және жаппай қырып-жою қаруларын таратпау және оларды жоюды қарастыру тұрғанын жиналғандардың есіне салды. Ядролық қарудың террористердің қолына түсу мүмкіндігіне қарсы жаппай бірігіп, қарсылық тудыру тура­лы айтқан өзінің АҚШ-тағы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін де еске салып өтті. Терроризмді толық жеңу үшін G20-ның барлық мүшеcі мен басқа да мүдделі елдердің бірлесе күш жұмылдыруы жақсы бас­тама болар еді. Бүкіл әлем қоғам­дастығы сіздерден осыны күтеді, деп сөзін аяқтады Нұрсұлтан Назарбаев. Президент Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың сөз­дерінің салмағы мен терең мазмұны бүкіләлемдік өзекті мәселелердің басын ашты. Өз мемлекетінің жақсы тұрмысын ойлауды ғана көздейтін кейбір елдердің өзімшіл басшылары ғаламдық проблемалардың өзектілігіне тағы бір рет көз жеткізіп, оларды тізе қосып, бірлесіп шешпесе, жаһандық қауіптер жер талғамай, шек­араға кідірмей басып кіре беретінін көргендей болды. Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ, Ұлттық тарихшылар конгресінің ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының докторы