10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
sagyntaevБ.Ә.Сағынтаевты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 9 қыркүйек.  № 319 Бақытжан Әбдірұлы САҒЫНТАЕВ 1963 жылы туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша – экономист, саяси экономия пәнінің оқытушысы. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Еңбек жолын жоғары оқу орнында оқытушылық қызметтен бастады. Содан кейін кәсіпкерлікпен шұғылданды. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Шағын бизнесті қолдау, Табиғи монополияларды реттеу агенттіктері төрағаларының орынбасары болды. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы, Павлодар облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде Қазақстан Республикасының өкілі болды. Соңғы кезде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.