12 Қыркүйек, 2016

Ұлысты ұйыстырған – ұлық мереке

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

  fb_img_1473665313227   Бүгiн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Әзiрет Сұлтан» мешiтiне барып, қазақстандық барша мұсылмандарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. «Әзірет Сұлтан» мешітіне таңғы намаз аяқталған бойда келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Құрметті мұсылман қауым! Бүгін Жер шарындағы бүкіл мұсылмандар қасиетті мереке – Құрбан айтты атап өтіп жатыр. Бұл діннен де, ата-бабамыздан да дәстүр алып келе жатқан Алланың, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қалдырып кеткен өсиеті. Құрбан айт кезінде қазақ жұрты мейірбандық танытып, бір-бірімен көрісіп, бүкіл жұртқа, xалыққа жақсылық тілейді. Отбасының берекесі, елдің тыныштығы үшін құрбан шалып, намаз оқиды. Соның бәрі Алланың құлағына шалынып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. «Мұсылмандар бөлінбеу керек, бөлшектенбеу керек», деген сөз бар. Сондықтан бүгінгі қиын-қыстау жағдай болып жатқанда мұсылмандардың, елдің бірлігі аса керек», – дедi. Одан әрі Елбасы еліміздің берекесі бірлігіміздің арқасында нығайып отырғанын сөз етті. «Біз биыл еліміздің 25 жылдық Тәуелсіздігін атап өтіп жатырмыз. Осы 25 жылдыққа береке-бірліктің, татулықтың арқасында, жеттік. Құранда жазылғандай, мұсылман жұрты елді ұлысқа, ұлтқа ешқашан бөлмейді. Барлығы дінді бірдей көреді. Сол бірлік бізді алға қарай алып келе жатыр. Әр уақытта да Алла жар болып, қолдап, еліміздің, қазағымыздың болашағын баянды етсін!» – деді Мемлекет басшысы. Жолдыбай Базар, «Егемен Қазақстан»