Астана опера және балет театры өзінің төртінші маусымын А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсымен ашады. Белгілі режиссер Джанкарло дель Монако (Италия) мен көрнекті қоюшы-дирижер Алан Бөрібаевтың қойылымындағы бірегей ұлттық спектакль Астана тұрғындары мен қонақтарына III халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің аясында ұсынылады.
Биыл қазақтың композиторлық өнерінің алыптары – Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің туғанына 110 жыл толғалы тұр. Әйтсе де, «Астана Опера» үлкен залының аса көрнекті композиторлардың туындысымен ашылуы кездейсоқ емес. Неге десеңіз, ол театрдың «маңдайалды» қойылымы. Партитураны музыкалық тұрғыдан қайта қарау жауапкершілігі Ахмет Жұбановтың шөбересі – театрдың бас дирижері Алан Бөрібаевқа жүктелгені де тектен-тек емес. Оның мінсіз жұмысына көрерменмен қатар, ойшылымыздың шексіз тамаша әлеміне еліктіріп әкететін симфониялық оркестрдің музыканттары да лайықты баға беріп үлгерді.
Қазақ-итальян шығармашылық тобы жүзеге асырған опера қазақ философиясының данышпаны – Абай Құнанбайұлының өмірдегі қызметі, құндылығы мен армандары жайлы баяндайды. Қойылым сол кездегі шынайы етіп, дәлме-дәл жеткізеді.
– Классикалық опералық спектакльді итальян мектебінің көзімен ұсынған көркемдік-қойылымдық топ операда бірінші кезекте музыкада берілген драматургиялық қақтығыстарға апаратын адам құштарлығының көрінісін тыңдарманға эмоциялық тұрғыдан бірге бастан кешіруді көздеген. «Абайды» тек осылай көрген олар театрдың керемет кәсіби деңгейін пайдалана отырып, ұлттық негізді ескеретін қойылым жасады. Жанрдың мүмкіндігін ерекше сезінетін көркемдік-қойылымдық топ кеңес заманындағы спектакльдердің көзге ұрып тұратын әлеуметтік «илеуін» еңсеріп, операның мән-мағынасын аша білді. Бүгінде бұл өзекті мәселе болып табылады. Алайда бұған дейін оған баса назар аударылған жоқ, – деп атап өтті операның тұсаукесерінде болған өнертану ғылымдарының докторы, ҚазҰӨУ профессоры Үмітжан Жұмақова.
Бірінші актінің екінші көрінісіндегі Абайдың таңғажайып үйі ойшылдың рухани байлығын жеткізіп тұрды. Ақынның шығармашылығын осылайша сезінген атақты суретші-сценограф Эцио Фриджерионың (Италия) сценографиялық жұмыстары таңдай қақтырады. Франко Скуарчапино (Италия) ұсақ-түйегіне дейін зерттеп, нәтижесінде түпнұсқаға пара-пар етіп тіккен сахналық костюмдер ұлттық мұражайлардағы қазыналарымыздан кем түспейді.
«Астана Опера» солистері көрерменмен жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін асыға күтеді. Бас партияға дайындалып жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Жанат Шыбықпаев, Ажар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Айдар – Қазақстан мен Татарстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Бекмұхамбетов, Сырттан –Арменияның халық әртісі Барсег Туманян, Әзім – Бейімбет Таңарықов, Жиренше – Евгений Чайников, Қарлығаш – Салтанат Мұратбекова, Көкпай – Талғат Ғалеев, Нарымбет – Рамзат Балакишиев, Мес – Нұрлыбек Қоспармақов осы сапта бар.
«Астана Опера» бас хормейстері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.
«Егемен-ақпарат»

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12