Қызылжар өңірінде алаяқтық оқиғалар көбейіп барады. Өзгенің дүние-мүлкін, қаражатын түрлі алдау-арбау жолдарымен қымқырып кететіндерге лайықты жаза қолданылатынына қарамастан, мұндай әрекеттердің жұртшылықты алаңдатып отырған жайы бар. Соңғы жылдары қармаққа тұлғалы лауазым иелерінің іліне бастағаны байқалады. Осы және басқа мәселелер жөнінде республикалық, жергілікті журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлері мәлімдеді.
Департамент бастығының орынбасары Рақымжан Ересовтің айтуынша, былтыр алаяқтыққа байланысты 84 қылмыстық іс қозғалып, 72-сі сот қарауына жіберілген. Келтірілген шығын 600 миллион теңгеден асып түскен. 80 миллион теңгенің мүлкіне пайдалану құқығы шектелген. Несиеге байланысты алаяқтықтың жиілеп кеткені, оған банк қызметкерлерінің қатыстылығы алаңдатады. Мысалы, екінші деңгейлі банктердің бірінде несиелеу бөлімінің бастығы қызметін атқарған Ходеев жалған құжаттар әзірлеп, 14,8 миллион теңгенің несиесін қалтаға басқан. Ол үшін жеке кәсіпкердің көңіл көтеру-сауықтыру кешенін кепілге қойған. Бұл нысан басқа банктің кепілдігінде тұрғанын біле тұра жасырған. Ғ.Мүсірепов ауданының соты Сегізбаеваға қатысты қылмыстық іс қарап, бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Жеке кәсіпкер банктердегі несиелеріңді өтеймін деген желеумен адамдардың сеніміне кіріп, 2 миллион теңге қаржыларын қақшып кеткен.
Брифингте департамент өкілдері құрылтайшылық, банктік, басқа да жалған құжаттар жасау арқылы өзгелердің ірі мүлкін иелену оқиғаларының да толастамай отырғанын жеткізді. «Алиакт» ӨК және «Импек Трейд Маркет» ЖШС жетекшісі В. Михеенко мен коммерциялық банк филиалдарының бірінде қауіпсіздік қызметінің бастығы болған В.Бондаренконың 645 миллион теңгені қолды етуі қылмыстық топтың әбден есіріп кеткенін аңдатса керек. Олардың еркін көсілуіне банк басшылары мен қызметкерлері де мүдделі болған сыңайлы. Әйтпесе, есепте жоқ дүние-мүліктер мен жеңіл көліктерді кепілге қойып, басқалардың атына несие ресімдеу ісінің қараусыз жіберілгенін немен түсіндіруге болады? Қылмыстық әрекеттерге жолдас-жарандарын, туған-туыстарын да тартып отырған. Бүгінде Михеенко мен Бондаренко қамауда отыр.
Соттың қарауына Қазақстан-Ресей университетінің ректоры Аманжол Молдабаевқа қатысты қылмыстық іс жіберілген екен. Оның қызмет бабын асыра пайдаланғаны, ақылы қызмет көрсетуде заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталған. Сөйтіп, 90 миллион теңгені иемденіп кеткен. Жуырда оған қатысты тағы бір сорақы жәйт әшкереленіп, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті серіктестік директорының сеніміне кіру және алдау-арбау жолымен келісім-шарт жасасып, 46 миллион теңге мен мазут алған. Ол үшін университеттің 4 ғимаратын кепілге салған. Шын мәнінде бір ғимарат қана А.Молдабаевтың атына ресімделген. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы В.Пыстоговтың да алаяқтық айласы аспаннан келген. Ол жеке кәсіпкерді бопсалау мақсатымен 4 миллион теңгені әлдебір лауазым иесі сұратып жатыр деп өз торына түсірген. Зуева деген азаматша 12 адамның 11 миллион теңгесін бөктеріп кеткен. Бұл қылмыстық істер сот қарауына жіберілді. Жеке адамдарды алдау-арбау арқылы дүние-мүліктері мен қаражаттарын сіңіріп кетуді ойлаған Сартаев, А.Оленчук, В.Оленчук, Б.Нұрғалиев, Омаров түрлі мерзімдерге сотталған.
Жыл басынан бері алаяқтыққа қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды дейді департамент бастығының орынбасары Р. Ересов.
Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.

Ақордада Сербия Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Президент • Бүгін, 12:02
Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді
Табиғат • Бүгін, 11:40
10 млн доллар: «Синалоа» серкелерін ұстауға көмектескен жанға сыйақы беріледі
Әлем • Бүгін, 11:36
Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова Албаниядағы рейтингтік турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:26
Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру: Жаңа қызметті қалай рәсімдейміз?
Қоғам • Бүгін, 11:12
Ұлытауда Конституциялық реформаның мәні мен маңызы талқыланды
Ата заң • Бүгін, 11:09
«Қайрат» пен «Тобыл» Астанада кездеседі
Футбол • Бүгін, 11:02
Өнер жұлдыздары жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды
Референдум • Бүгін, 10:55
Пәкістан Талибан үкіметіне «ашық соғыс» жариялады
Әлем • Бүгін, 10:42
Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:28
Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты шұғыл мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 10:26
Жолаушы пойызға үлгермей қалса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 10:11
Мбаппе әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін
Футбол • Бүгін, 10:09
Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды
Елорда • Бүгін, 09:59
Ауа райы: Боран мен қатты аязға байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:50