Оңтүстікте Елбасының тапсырмасымен “Қан орталығы” кешені салынған. Заманауи, бүгінгі медицинаның озық технологияларымен жабдықталған орталық донорларға зәру.
Кеңес Одағы кезіндегідей міндеттеп жатпағаннан кейін адамдар өздігінен бара бермейді. Осыны аңдаған Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев мемлекеттік қызметкерлерін бастап келіп, қан тапсырды.
– Науқастардың сырқатына дәру болатын қан керек, әрі плазмалардан түрлі дәрі-дәрмек жасалады, – дейді Арман Шәріпбайұлы. – Бастама көтердік. Ешкімді мәжбүрлеген жоқпыз. Ықтиярларымен келді. Қала халқына өнеге болсын дедік.
Бақтияр ТАЙЖАН, Шымкент.