21 Қыркүйек, 2016

Нұрділдә Ораз Бас прокуратураның аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалды

933 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
n-oraz Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеп ҚазАқпарат хабарлады. Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қарағанды академиясын бітірген. Еңбек жолын Алматыдағы «ЮСА» телеарнасының тілшісі болып бастаған. "31 арна" телеарнасы «Информбюро» жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі,  «Астана» телеарнасының редактор-жүргізушісі, репортер-сарапшысы, «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізушісі, «Апта.kz» бағдарламасының жүргізуші-редакторы болған. 2007 жылы ішкі істер органына ауысып, Астана қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы, мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы, департамент бастығының баспасөз хатшысы  қызметтерін атқарды.  2011-2015 жылдары - ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры,  министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі. 2015 жылдан «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алуда. Біз әріптесіміздің жаңа қызметінде табысты болуына тілектестігімізді білдіреміз!