21 Қыркүйек, 2016

Шыңғыстау галереясы

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kasteev-zhas-abayАбайдың «Жидебай-Бөрілі» мем­­лекеттік қорық-музейінде «Шың­­ғыстау» сурет галереясы ашыл­­ды. Галерея осы зерде орда­сын­да жинақталған туындылар нег­і­зінде жұртшылық назарына ұсы­­нылып отыр. Шыңғыстау – қазақ халқының ұлы перзенттері Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдай­бердіұлының, Мұхтар Әуезов­­тің туған жері. Еуразия құр­­­лы­­ғының кіндік тұсы санала­тын Шыңғыстау өлкесінде үш алып­­­тың дүниеге келіп, сөз өнерін әсем­­­дік биігіне көтеруі – адамзат тари­хында сирек кездесетін құ­бы­лыс. Міне, галерея­да осынау қа­сиет­ті Шыңғыстау өңірінің таби­ға­ты мен тарихи жерлері Абай қорық-мұражайы қорында жинақ­талған жергілікті қылқалам шебер­лері­нің туындылары арқылы көр­се­­ті­ле­ді. Сурет көрмесінде бел­гілі өнер иелері М.Әлиакпаров, М.Беляев, Ғ.Макаров, Н.Өтепбаев Т.Байғалиев, Т.Татиев және тағы басқа суретшілердің 100-ден астам туындылары қойылған. – Әсіресе, халқымыздың сурет өнеріндегі мақтанышы Әбілхан Қастеевтің жауһар туындылары Абай музейіне келушілердің ерекше қызушылығын тудырады деп сенеміз. Әйгілі қылқалам шеберінің музей қорында 12 туындысы сақталған болса, соның бірі – «Жас Абай» суреті де келушілердің көзайымына айналды, – дейді музей әкімшілігі. Сурет галереясының бір ерек­шелігі – қылқалам шеберлерінің туындылары музейдегі Абай өмірі мен шығармашылығын паш ететін бөлімдердің мазмұнын тереңірек аша түсуге көмектеседі. Мәселен, «Жаз» залының маңдай алдындағы қылқалам шеберлерінің туындылары Шыңғыстау өңірінің таби­ға­тын алдыңызға жайып салса, «Үш қайнар бұлақ» экспози­ция­сын­дағы суреттер ұлы ақын шығар­малары­ның терең тамырларымен үндеседі. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» СЕМЕЙ