20 Қыркүйек, 2016

Омбудсмендер кездесті

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Қырғыз Республикасының омбудсмені Кубат Оторбаевпен кездесті. Кездесу барысында та­раптар екі елдегі адам құқық­тарын қамтамасыз ету, атал­ған салада халықаралық мін­дет­темелерді имплементтеу, мем­лекеттік органдар мен аза­маттық қоғамдастықтың өзара әрекеттесуі мен басқа да өзекті проблемалар төңіре­гінде пікір алмасты. А.Шәкіров пен К.Отор­баев Еуразиялық эконо­ми­­ка­лық одақ шеңберінде қарқын­ды дамып келе жатқан ин­те­­г­рациялық үдерістер жағ­дайында құқық қорғау сала­сындағы ынтымақтастықтың халықаралық пішімінің айтар­лықтай әлеуеті бар екені туралы айта келе, алдағы уа­қыт­тағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары бойынша ойларын ортаға салды. ЕАЭО ұлттық эконо­ми­ка­лардың бәсекеге қабілет­тілігін жан-жақты жаңғырту, ұйым­ға мүше-мемлекеттер тұр­ғын­дарының өмір сүру дең­гейін жоғарылату және елдер­дің тұрақты дамуына жағ­дай­лар жасау мақсатында құ­рылды. ЕАЭО интеграциялық құры­лым болып табылады, соның ішінде азаматтардың жүріс-қоз­ғалысы бос­тандығын қам­та­масыз етеді және де олар­дың құ­қық­тарын қор­ғайды, деді сұхбат­тастар. Жоғарыда баяндалған ұлт­тық құқық қорғау меке­ме­лерінің өз азаматтарының құ­қық­тарын қорғауда, олар­дың құ­қықтары мен бос­тан­дық­тарының бұзушылық­тарын жою бойынша тиісті мем­лекеттік орган­дар­дың назарын аудару үшін бұзушы­лықтар болған оқиғалар туралы ақпарат­тармен, олардың қызметі тура­лы нормативтік-құ­қық­тық актілермен алмасуда, бір­лескен іс-шаралар өт­кізуде, соның ішінде жаһан­дық құқық қорғау пішімін­де өза­ра құқықтық көмек көр­се­ту­­де қызметтерін үйлестіруді қа­жет ететіндігін көрсетіп отыр. «Егемен-ақпарат»