20 Қыркүйек, 2016

Комиссияның кеңейтілген отырысы

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kuanysh-sultanҚуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның азаматтардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне Конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған кеңейтілген отырысы болып өтті. Жиналғандар алдында «Атамекен» Ұлттық кәсіп­кер­лер палатасы басқарма төр­ағасының орынбасары Рустам Жүрсінов баяндама жасады. Талқылауға ұлттық және халықаралық сарапшылар, Кәсіпкерлер құқықтарын қор­ғау жөніндегі уәкіл, мемле­кет­­тік органдардың, үкімет­т­ік емес құ­қық қорғау ұйым­да­ры­ның бас­шылары, бизнес өкіл­­дері, су­дьялар, заңгер ғалым­дар, та­нымал адвокаттар қатысты. Комиссия мүшелері биз­нес­ті дамытудың негізгі ба­сым­дықтары мен қағидат­тарын Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыс­пен қамтудың жол картасы» бағдарламалық құжаттарында айқындап бергенін және жариялағанын атап көрсетті. Отырысқа қатысушылар мем­лекет тарапынан да, кә­сіп­керлер тарапынан да өзара іс-қимылдың барынша проб­лемалық мәселелерін реттеу­ге, кәсіпкерлік еркіндігінің заң­­на­малық кепілдіктерін да­мы­туға, рейдерлік пен сы­бай­лас жемқорлық құбылыс­тарын еңсеруге деген бірың­ғай мүдделіліктің бар екенін алға тартты. Сөз сөйлегендер бұқа­ра­­лық кәсіпкерлікті ынта­лан­дыру мен халықтың жұ­мыс­­­пен қам­тылуын қамта­масыз ету ту­ралы мәселенің өзек­тілігін атап өтті. Комис­сияның отырысында әзірленген ұсынымдар Мем­­лекет басшысының, Қа­зақ­­стан Республикасы Үкіме­ті мен Парламентінің назарына жет­кізілетін болады. «Егемен-ақпарат»