Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, ашық болады деп болжам жасайды Қазгидромет. Тек шығыста, солтүстікте және батыста атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Солтүстік, солтүстік-батыс және шығыстың кей жерлерінде тұман түседі.
Ақмола облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.
Сондай-ақ Маңғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде де желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні күшейіп, шаңды дауыл болады.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей аймақтарында өрт шығу қаупі әлі де жоғары.
Егемен-ақпарат

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше