21 Қыркүйек, 2016

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста алғашқы кездесуін өткізеді

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-09-janibek Рио Олимпиадасында еліміздің намысын лайықты қорғаған Жәнібек Әлімханұлы жақында кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді. Биыл 29 қазанында Алматыда WBA Fedelatin және WBA FideCaribe тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегі өтеді. Ол ганалық Патрик Аллотеймен WBA (Interim) тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағына таласады. Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы дебюттік кездесуі аталған бокс кеші шеңберінде өтеді. Одан бөлек, шаршы алаңға Жанқош Тұраров, Айдар Шәріпбаев, Айдос Ербосынұлы, Әли Ахмедов және Руслан Мырсатаев шығады. Әуесқой бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл аса қиын кездесу болмақ. Себебі оның қарсыласы – колумбиялық Милтон Нунез бұған дейін шаршы алаңда 50 кездесу өткізіп, оның 33-інде жеңіске жеткен тәжірибелі боксшы. Жәнібек кәсіпқой боксқа біржола ауысу туралы нақты шешім қабылдамаған. Әзірге ол ұлттық құраманың демалысын пайдаланып, өзін кәсіпқой бокста бір мәрте сынап көруді жөн санап отыр. Егемен-ақпарат
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024