Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада күйші, жазушы, зерттеуші, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың көптомдығының тұсаукесері болды. Тұсаукесерге мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, жазушы Тұрсын Жұртбай мен Тұрлыбек Мәмесейіт және әдебиетсүйер қауым қатысты.
Жоспарланып отырған көптомдықтың биыл мемлекеттік тапсырыспен «Қазақ энциклопедиясы» баспасында бес томы жарық көрген. Оған автордың прозалық шығармалары, әдебиет пен өнер турасындағы мақалалары мен мәдениеттану саласындағы зерттеулері және кинодраматургиядағы еңбектері енген.
Кеш барысында өз естеліктерімен бөліскен Тұрсын Жұртбай Таласбектің аудармашылық қырына назар аударып, оның жазушылық шеберлігіне, күйшілік талантына тоқталып, сан қырлы өнер иесі болғандығына талас жоқтығын тағы бір атап өтті.
Таласбекті ұстаз тұтып, соңынан ерген інілері мен шәкірттері күй тартып, шарапатты шараның шырайын келтірді.
Рауан ҚАЙДАР
• 21 Қыркүйек, 2016
Таласбек Әсемқұловтың көптомдығының тұсаукесері өтті

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше