Қайнижамал әжей көрші елдің Қазақстандағы елшілігі өкілдерінің әкесінің «Қызыл Жұлдыз» орденін тапсыруға арнайы келе жатқанын естіп, жүрегі жарылардай қуанған. Бүгінде Тәшім Шәріповтің 6 ұл-қызынан 30 немере, 33 шөбере, 12 шөпшек өрбіп отырса да, кейуананың ерекше толғанатын себебі бар. Былтыр өңірде жарық көрген «Жеңіс солдаттары» атты екі томдық кітапты парақтап отырып, әкесінің аты-жөнін кездестірмегеніне қатты налыған. Совет ауданы /қазір Аққайың/ Добровольское елді мекенінің тумасы соғыстың алғашқы күндерінен майданға аттанып, 361-ші атқыштар дивизиясының 394-ші атқыштар полкінің құрамында жауға қарсы атой салған. Неміс басқыншыларынан Украина, Молдова, Румыния, Польша елдерін азат етуге қатысып, небір қанды жорықтарды бастан кешкен.
Осының өзі от пен оқтың арасында күн-түн қатып жүрген майдангердің ерлік жолдарын айғақтап тұрған жоқ па? Ал кітапты құрастырушылардың мәселенің мәнісін соғыс ардагерінің есепте тұрмағанымен түсіндіргеніне күлерсің бе, жыларсың ба? Анасының тілегін екі етпеген үлкен ұлы интернет арқылы іздестіргенде қай жерде, қандай майданда шайқасқанына дейін тауып алады. Жинақталған деректер аудандық қорғаныс ісі жөніндегі басқармаға беріледі. Бірде Ресей Федерациясының елшілігінен телефон соғылып, кезінде белгісіз марапатқа ұсынылғанын, алайда белгісіз себептермен тапсырылмай қалғанын хабарлайды. Бұл жағымды жаңалық мұндағыларды төбелерінен жай түскендей әсерге бөлейді.
«Игіліктің ерте-кеші жоқ» деген тәубешіл халықпыз ғой. Сөйтсе, фашистерді ұясында талқандағаннан кейін жас жауынгер өзгелермен бірге Қиыр Шығысқа аттанған. Бұл туралы туған-туыстары білмеген, кейін марқұм да тіс жара қоймаған. Жапондармен жан алысып, жан беріскен ұрыста қазақтың қыран жігіті арыстанша арпалысқан. Жаңбырша оқ себелеп тұрған пулеметтің үнін өшіріп, қаруластарын қоян-қолтық айқасқа бастап шыққан. Осы көзсіз ерлік жауынгерлік жоғары атаққа ұсынылған.
Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің баспасөз хатшысы Юлия Лазовская Екінші дүниежүзілік соғыста ерен ерліктің үлгісін көрсеткен Тәшім Шәріповтің «Қызыл Жұлдыз» орденінің куәлігін 71 жылдан кейін туған-туыстарына салтанатты жағдайда табыс етті. Ерлік өшпейді, ер ұмытылмайды деген осы.
– Әкеміз сол жолы ауыр жарақат алып, госпитальда жарты жылдай емделген. Бір көзі мен қолынан айырылған оны елге мейірбикелер жеткізіп салған. Бар-жоғы 48 жасында өмірден озды. Мен ол кезде екі айлық шақалақ екенмін, – деп Қайнижамал апай асқар тау панасы жайлы тебірене еске алды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ

Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27
Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:12
Алматыда ер адам 11 қабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 12:56
Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ерекше сыйлық жасады
Білім • Бүгін, 12:43
Қазақстандағы орташа жалақы деңгейі қандай?
Қаржы • Бүгін, 12:32
Мемлекет басшысы Черногория президентін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:28
Шығыс Қазақстанда танысын 3 жыл бойы бопсалаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:17
Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:11
Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады
Қоғам • Бүгін, 11:58
Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?
Университет • Бүгін, 11:55
1-сыныпқа қабылдау: Ата-аналар тұрақты тіркеу талап етілетініне шағымданды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді
Сауда • Бүгін, 11:40
Миллениал ата-ана, зумер бала: Қалай тіл табысамыз?
Қоғам • Бүгін, 11:30