22 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №298

374 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2015 жылғы 26 мамыр, Астана қаласы Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті бекітілсін; 2. Мыналардың: 1) «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 38 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9115 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 маусымда «Егемен Қазақстан» № 111 (28335) жарияланған); 2) «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтарағы № 38 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 209 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9571 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің міндетін атқарушы З.БАЙМОЛДИНА Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына 1-қосымша «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11096 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттау туралы шешімі, комиссияның аттестатталмағаны туралы шешімі немесе стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту. Комиссияның шешімі қағаз тасымалдағышта не электронды нысанда жүзеге асырылады. Комиссияның аттестаттаудан өткенi не өтпегенi туралы шешiмi Стандарттың 1, 2-қосымшаларда белгiленген нысандар бойынша аттестаттау өткеннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрiлмей берiледi. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау 4. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының өтініші немесе электронды түрдегі сауалы бастауға негiздеме болып табылады. 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-қимылдар): 1) өтiнiштi тiркеу; 2) өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарау; 3) өтiнiштi құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлімі басшысының қарауы; 4) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзуге өтiнiштi қарау және хабарлама ресiмдеу; 5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу туралы хабарламасына қол қою; 6) адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу туралы хабарламаны жiберу; 7) адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттация өткiзу; 8) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ресiмдеу және беру. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау 6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мына құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) қатысады: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi; 2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы; 3) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысы; 4) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы; 5) Комиссия. 7. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде алынған құжаттарды тiркеуден өткiзедi және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарауға жiбередi, бұл ретте, өтiнiштiң оң жақ төменгi бұрышына түскен күнi мен кiрiс нөмiрi көрсетiлген мемлекеттiк тiлдегi тiркеу мөртаңбасы қойылады; 2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды және құқық түсiндiру және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысына нұсқаумен жiбередi; 3) құқық түсiндiру жұмысы және жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысы құжаттар топтамасын түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарайды және құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманына нұсқау бередi; 4) құқық түсіндіру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлімінің маманы 2 (екі) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады, 15 (он бес) жұмыс күн ішінде құжаттарды талаптарға сәйкес тексереді және Комиссияның қарауына жолдайды; 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту хатына қол қояды; 6) Комиссия 1 (бір) жұмыс күн ішінде, аттестаттауға жіберу не жібермеу туралы шешім шығарады; 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы адвокаттық қызметпен айналысуға аттестация өткізу туралы хабарламаға 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қояды; 8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау өткізілетіні туралы хабарламаны жолдайды; 9) Комиссия адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау өткізеді; 10) Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру адвокаттық қызметпен айна­лысуға аттестат тапсырған сәттен бастап аттестация жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процессінде ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылының және қолдану тәртібінің сипаттамасы 8. Көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы графикалық нысанда осы Регламенттің 1-қосымшасындакелтірілген. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы береді, бұл сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға өтініш жасауы үшін порталдан «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізуі» таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салуды берудің бастапқы адымын қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы терезелердегі деректерді толтырады: 1) бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар (электронды өтінімге электронды сканерленген көшірмесін тіркейді); 2) мәлімет нысаны Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілгендей біліктілік талаптарына сәйкес. Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді сақтап, электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы қол қояды. Өтінімді портал арқылы жолдау барысында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы мәліметке қол жетімді және көрсетілетін қызметті алушы өтінішті сұрыптау кезінде жаңартады. 9. Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы көрсетілген қызметті алушының жеке өзі жүгінген кезде өтініш тәртібін рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау (осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген): 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жүйе арқылы қызметті берушінің басшысына қарауына береді; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде құқық түсіндіру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлімінің басшысына жолдайды; 3) құқық түсіндіру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлімінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде құқық түсіндіру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлімінің маманына жолдайды; 4) құқық түсіндіру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлімінің маманы портал арқылы түскен өтінімді алған сәттен бастап көрсетілетін қызмет алушының өтінімін қарап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды (жолданған құжаттар толық тапсырылмаған жағдай анықталған кезде 2 (екі) жұмыс күні, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда 15 (он бес) жұмыс күні); 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде өтінімді қарауға дәлелді бас тартуға қол қояды; 6) Комиссия 1 (бір) жұмыс күн ішінде аттестаттауға жіберуге аттестаттауға жібермеу туралы шешім шығарады; 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау өткізу туралы хабарламаға қол қояды. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне автоматты түрде жолданады. 10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының), өзара iс-қимылдары кезектiлiгiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi өзге көрсетiлетiн қызмет берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Регламентiнiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында келтiрiлген. 11. Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысанда ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Регламентiнiң 3-қосымшасына келтiрiлген. 12. Регламентiнiң 4-қосымшасында бланкілердің қалпы мен нысандырына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң электронды нәтижесі көрсетілген. 13. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының), өзара iс-қимылдары кезектiлiгiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi өзге көрсетiлетiн қызмет берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтiрiлсін. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу» Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне 1-қосымша Портал арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара iс-қимылдың № 1 диаграммасы Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiш беру және рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгi тәртiбiнiң сипаттамасы: 1) көрсетiлетiн қызметтi алушы өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен порталда тiркеудi жүзеге асырады, ол көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiнiң интернет-браузерiнде сақталады (порталға тiркелмеген тұтынушылар үшiн жүзеге асырылады); 2) 1-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiнiң интернет-браузерiне ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн бекiту, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн порталда алушының паролiн енгiзу процесi (авторизациялау процесi); 3) 1-шарт - тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы порталда тексеру; 4) 2-процесс - порталда көрсетiлетiн қызметтi алушылар деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру; 5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетiлген қызметтi алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректердi енгiзу) нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажеттi құжаттарды электрондық түрде тiркеу; 6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметтердi төлеу, содан кейiн ол ақпарат порталға түседi; 7) 2-шарт – қызмет көрсеткенi үшiн төлегенi туралы фактiнi порталда тексеру; 8) 5-процесс – қызмет көрсеткенi үшiн порталда төлемнiң болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру; 9) 7-процесс көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдау; 10) 3-шарт порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолдану мерзiмiн, тiзiмде керi қайтарылған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру нөмiрлерiнiң сұрау салуда көрсетiлген ЖСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында сәйкестендiру деректерiнiң сәйкестiгiн тексеру; 11) 7-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 12) 8-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректерiн) куәландыру (қол қою); 13) 9-процесс – порталда электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуын) тiркеу және сұрау салуды порталда өңдеу; 14) 4-шарт – көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң лицензия беру үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарға және негiздемелерге сәйкестiгiн тексеру; 15) 10-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру; 16) 11-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушы порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесiн (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжатты көрсетiлетiн қызметтi берушi уәкiлеттi тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу» Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне 2-қосымша Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы 1 Кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) әрекетiнiң сипаттамасы Негiзгi процесстiң iс-қимылы Рәсiм-дердiң (iс-қимыл-дардың) № ҚФБ-нiң атауы 1 2 3 4 5 Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы Құқық түсiндiру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлiмнiң басшысы Құқық түсiндiру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлiмінiң маманы Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссиясы Iс-қимыл-дардың атауы және олардың сипаттамасы Өтiнiштi және қажеттi құжаттарды қабылдау, өтiнiштi тiркеу журналында тiркеу, сонымен қоса өтiнiштiң оң жақтағы астыңғы бұрышында келiп түскен күнi мен кiрiс нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттiк тiлде тiркеу мөртаңбасы қойылады Өтiнiштi қарау Ұсынылған құжаттар тiзбесiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарау Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестация өткiзiлетiнi туралы хабарламаны ресiмдеу Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу Аяқтау нысаны Өтiнiштi тiркеу журналында тiркеу, сонымен қоса өтiнiштiң оң жақтағы астыңғы бұрышында тiркеу мөртаңбасын қою Орындау мерзiмiмен және жауапты орындаушыны қамтыған бұрыштамасымен құжаттар Орындау мерзiмi-мен және бөлiмдегi жауапты орындаушыны қамтыған бұрыштамасымен құжаттар Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестация өткiзiлетiнi туралы ресiмделген хабарлама Мемлекеттiк қызметтiң ресiмделген нәтижесi Орындау мерзiмi 1 жұмыс күнi 1 жұмыс күнi 1 жұмыс күнi 5 жұмыс күндерi Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестацияны тапсырған сәттен бастап 2-Кесте. Пайдалану түрлерi. Негiзгi процесс. Негiзгi процесс Қызмет берушiнiң кеңсесi Қызмет берушiнiң басшысы Құқық түсiндiру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлiмінiң басшысы Құқық түсiндiру және халыққа заңгерлік кықмет көрсету бөлiмiнiң маманы Адвокаттық қыз­метпен айна­лысуға әдiлет аттестациялық комиссиясы 1. Өтiнiштi және қажеттi құжаттарды қабылдау, өтiнiштi тiркеу журналында тiркеу, сонымен қоса өтiнiштiң оң жақтағы астыңғы бұрышына келiп түскен күнi мен кiрiс нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттiк тiлде тiркеу мөртаңбасы қойылады 2. Өтiнiштi қарау 3. Ұсынылған құжаттар тiзбесiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарау 4. Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестация өткiзiлетiнi туралы хабарламаға хатты ресiмдеу 7. Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу 6. Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестация өткiзiлетiнi туралы хабарламаны жiберу 5. Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестация өткiзiлетiнi туралы хабарламаға қол қою 8. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру 3-кесте. Портал арқылы ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы 1 Iс-әрекет № (жұмыс барысы, ағыны) 1 2 3 4 5 6 2 ҚФБ атауы Алушы портал Алушы «АИС СУ» АЖ ЖТ МДҚ Алушы портал 3 Iс-әрекет атауы (процес, рәсiм, операциялар) және олардың сипаттамасы Алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет-браузерiне бекiту Алушының деректерiндегi бұзушылық-тармен байланысты бас тарту хабарламасын қалып-тастырады Қажеттi құжаттарды электрондық түрде бекiту-мен сауал деректерiн қалыптас-тырады және қызметтi таңдайды; соттылығы туралы деректердiң болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалып-тастырады Куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдауы Алушының ЭЦҚ шынайылығынын расталмауымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады 4 Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-реттеу шешiмi) Сәттi қалыптастыру және сұрау салу туралы хабарламаны көрсету. Сұратылып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру. Сәттi қалыптастыру және сұрау салу туралы хабарламаны көрсету. Сұратылып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру Сұрау салуды бағыт-тандыру Сұратылып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру 5 Орындау мерзiмi 10–15 сек 20 сек 1,5 мин 20 сек 10-15 сек 10-15 сек 6 Келесі Iс-әрекет нөмірі 2–алушы деректерiнде бұзушылықтар болғанда; 3–авторландыру табысты өткенде – 4 – 7 – ЭЦҚ-да қателік болғанда; 9 – ЭЦҚ-да қате болмағанда - кестенің жалғасы 7 8 9 Алушы портал портал ЭЦҚ көмегімен сауалды куәландыру (кол кою) Электрондық құжатты өтінішті (алушының сұрау салуын және сұрау салуды) өңдеу Алушының деректеріндегі бұзушылық-тардың болуымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру Сұрау салуды бағыттандыру Өтініштің нөмірін бере отырып сұрау салуды тіркеу. Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру. 1,5 мин 1,5 мин 20 сек - 10 - алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін қызмет берушінің тексеру  - «Адвокаттық қызметпен айналысу айналысуға аттестаттаудан өткiзу» Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне 3-қосымша Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара iс-қимылдың № 2 диаграммасы Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiш беру және рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгi тәртiбiнiң сипаттамасы: 1) 1-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң қызмет көрсету үшiн порталда ЖСН және паролiн (авторизациялау процесiн) енгiзуi; 2) 2-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiн енгiзу; 3) 3-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-на көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерi туралы сұрау салуды жiберу; 4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да «АИС СУ» АЖ-де көрсетiлетiн қызметтi алушының соттылығы туралы деректерiн тексеру; 5) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнiң «АИС СУ» АЖ-де соттылығы туралы деректердiң болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалыптастыру; 6) 5-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң сұрау салу нысанын, оның iшiнде қағаз түрiнде құжаттарының бар екендiгi туралы белгiсiн толтыруы және көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұрау салудың нысанына бекiтуi және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) ЭЦҚ арқылы куәландыру; 7) 6-процесс – порталда электрондық құжатты тiркеу; 8) 2-шарт – қоса берiлген құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушi Стандартта және қызмет көрсету үшiн негiздемелерге сәйкес көрсетiлгенiн тексеру (өңдеу); 9) 7-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру; 10) 8-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушы қызмет нәтижесiн (адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу) алу. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу» Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне 4-қосымша Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткердi аттестаттау туралы шешiмi ____________ қаласы 20_____ жылғы «___»______________ Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелерi бойынша ________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) тестiлеу бойынша _________________________________________балл емтихан билетi бойынша _____________________________балл жинады Мына құрамдағы Комиссия: Төраға Мүшелерi ________________________ аттестатталсын деп шешті (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) Комиссия төрағасы Комиссия хатшысы Комиссияның Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткердi аттестаттамау туралы шешiмi _______________ қаласы 20_____ жылғы « ___» ________ Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелерi бойынша _________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) тестiлеу бойынша _________________________________________ балл емтихан билетi бойынша _____________________________балл жинады Мына құрамдағы Комиссия: Төраға Мүшелерi Шешім шығарды: _________________________________ аттестаттаудан өтпедi деп саналсын. (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) Комиссия төрағасы Комиссия хатшысы «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу» Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне 5-қосымша «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу» Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы *Әдiлет органдарының аумақтық бөлiмшелерi арқылы қызмет көрсеткенде (Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әдiлет департаменттерi) *ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бiрлiк: көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшiлерiнiң (жұмыскерлерiнiң), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкiмет» веб-порталының өзара iс-қимылдары; - мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы; - көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылының) және немесе ҚФБ атауы; - таңдау нұсқасы; - келесі рәсімге (іс-қимылға) өту; - ЭҚАБЖ – мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі. - «Е-лицензиялау» АЖ- «Е-лицензиялау» Ақпараттық жүйесі; - ЭҮП - «Электрондық үкімет» Порталы; - МО - Мемлекеттік орган; - ҚР БП АЕ АЖ – Бас прокуратураның Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесі. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына 2-қосымша «Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi 1. Жалпы ережелер 1. «Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет Министiрінiң 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекiтiлген «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi (бұдан әрі - көрсетiлетiн қызметтi берушi), оның iшiнде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi: Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, (электрондық түрде) не осы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау 4. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн және Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген өзге де құжаттарын немесе көрсетiлетiн қызметтi алушы электрондық сұратуын алу мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) бастауға негiздеме болып табылады. 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-қимылдар): 1) өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу; 2) өтiнiштi заң қызметiн көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы қарау; 3) өтiнiштi заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысының қарауы және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ресiмдеу; 4) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (әрі қарай - ТҚжЗҚҰД) директорының келісі; 5) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қол қою; 6) көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн жолдау. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау 6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мына құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) қатысады: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi; 2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы; 3) ТҚжЗҚҰД директоры; 4) заң қызметiн көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы; 5) заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысы. 7. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде алынған құжаттарды тiркеуден өткiзедi және заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысына қарауға жiбередi, бұл ретте, өтiнiштiң оң жақ төменгi бұрышына түскен күнi мен кiрiс нөмiрi көрсетiлген мемлекеттiк тiлдегi тiркеу мөртаңбасы қойылады; 2) заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысына нұсқаумен жiбередi; 3) заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысы құжаттар топтамасын көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырған кезден бастап көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды, ТҚжЗҚҰД) директорына келісуге жібереді, содан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қоюға жiбередi (лицензияны беру кезiнде мерзiмi 15 (он бес) жұмыс күнi, қайта рәсімдеу кезінде 3(үш) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын берген кезде 2 (екі) жұмыс күні; 4) ТҚжЗҚҰД директоры 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде лицензияға немесе лицензияның телқұжатын беруге келіседі; 5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде лицензияға немесе лицензияның телнұсқасына қол қояды; 6) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайына пошта арқылы жiбередi. 4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде өзара iс-қимыл және ақпараттық жүйенi пайдалану тәртiбiн сипаттау 8. Көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiш беру тәртiбi мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық iс-қимылдар диаграммасы түрiнде портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгiнiң сипаттамасы графикалық нысанда осы Регламенттiң 1-қосымшасындакелтiрiлген. Көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiштi портал арқылы бередi, бұл сұрау салу көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қарауына жiберiледi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiш жасауы үшiн порталдан «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын берудi» таңдайды. Портал көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердi автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салуды берудiң бастапқы адымын қалыптастырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы жылжымалы терезелердегi деректердi: 1) электрондық үкiметтiң төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгенi туралы ақпарат, түбiртек қағаз жеткiзгiште болған жағдайда сұрау салуға электрондық құжаттың көшiрмесi түрiнде қоса берiледi; 2) Қазақстан Республикасы бойынша барлық мәлiметтердi көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалар (көшiрмесi электрондық сұратуға сканерленген түрде қоса берiледi); 3) Стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысандары; Көрсетiлетiн қызметтi алушы оны электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) қол қоя отырып, сұрау салуды сақтайды. Көрсетiлетiн қызметтi алушы сұрау салуды портал арқылы «жеке кабинеттен» жiберген кезде өтiнiш туралы ақпарат қол жетiмдi болады, көрсетiлетiн қызметтi берушiмен өтiнiштi өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап). 9. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң функционалдық iс-қимылдар диаграммасы түрiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң портал арқылы көрсетiлген қызметтi алушының жеке өзi жүгiнген кезде өтiнiш тәртiбiн рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау (осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген): 1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде алынған құжаттарды тiркеуден өткiзедi және жүйе арқылы заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы басшысының қарауына бередi; 2) заң қызметiн көрсету және лицензиялау басқармасы басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысына нұсқаумен жiбередi; 3) заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысы құжаттар топтамасын көрсетiлетiн қызметтi берушіге тапсырған кезден бастап көрсетiлетiн қызметтi алушының өтінішін қарайды, ТҚжЗҚҰД директорына келісуге жібереді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жiбередi (лицензияны беру кезiнде мерзiмi 15 (он бес) жұмыс күнi, қайта ресімдеу кезінде 3 (үш) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын берген кезде мерзiмi 2 (екi) жұмыс күнi); 4) ТҚжЗҚҰД директоры 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде лицензияға келісім береді; 5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде лицензияға қол қояды. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке кабинетiне автоматты түрде жолданады. 10. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдарың) реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Регламентiнiң 1-қосымшасында келтiрiлген. 11. Мемлекеттiк қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысанда ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген. 12. Осы Регламенттiң 3-қосымшасында электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi ұсынылуы тиiс нысандар, бланкi шаблондары келтiрiлген. 13. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының), өзара iс-қимылдары кезектiлiгiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi өзге көрсетiлетiн қызмет берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында келтiрiлген. «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне 1-қосымша Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы 1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) әрекетiнiң сипаттамасы Рәсiмдер (iс-қимылдар) № 1 2 3 4 5 ҚФБ атауы Кеңсе Заң қызметiн көрсету және лицензиялау басқар-масының басшысы Заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысы ТҚжЗҚҰД директоры УО басшысы Iс-қимылдардың атауы және олардың сипаттамасы Лицензия беруге, қайта ресiмдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге өтiнiштi және қажеттi құжаттар тiзбесiн қабыл-дау, алынған құжаттарға тiркеу жасайды, бұл ретте өтiнiштiң оң жақ төменгi бұрышына түскен күнi мен кiрiс нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттiк тiлде тiркеу мөртаңбасын қояды Тiркеуге келiседi және заң қызметiн көрсету және лицензиялау басқар-масының сарапшысына нұсқама жiбередi Көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды, тiзiлiмге лицензия беру, қайта ресiмдеу немесе лицензияның телнұсқасын беру туралы жазба енгiзу, лицензияны қайта ресiмдеу немесе лицензияның телнұсқасын ресiмдеу Лицензияға, қайта ресiмдеуге немесе лицензияның телнұсқасына қол қоюды келісу. Өтiнiштi қарау, лицензияға, қайта ресiмдеуге немесе лицензияның телнұсқасына қол қою. Аяқталу нысаны Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайына пошта арқылы жiбередi Орындау мерзiмi мен басқарманың жауапты орындаушысы қамтылған қарары бар құжаттар Тiркеу тiзiлiмiне жазба, лицензияны ресiмдеу, қайта ресiмдеу немесе лицензияның телнұсқасын ресiмдеу Лицензияға, қайта ресiм-деуге немесе лицензияның телнұсқасына келісілген қол қою. Лицензияға, қайта ресiм-деуге немесе лицензияның телнұсқасына қол қою, электрондық лицензия беру Орындау мерзiмi 1 жұмыс күн 1 жұмыс күн 11 жұмыс күн 1 жұмыс күн 1 жұмыс күн 2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс. Кеңсе Заң қызметiн көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы Заң қызметiн көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы УО басшысы 1. Лицензия беруге, қайта ресiмдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге өтiнiш және қажеттi құжаттар тiзбесiн қабылдау, бұл ретте, өтiнiштiң төменгi оң жақ бұрышына түскен күнi мен кi