22 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №503

368 рет
көрсетілді
29 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 13 маусым,  Астана қаласы Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) тіркелген осы бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Мәдениет және спорт министрі __________________Д. Абаев __________________А. Мұхамедиұлы 2016 жылғы 26 шілде 2016 жылғы 30 маусым КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Сыртқы істер министрі __________________Е. Сағадиев __________________Е. Ыдырысов 2016 жылғы 8 шілде 2016 жылғы 29 маусым КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ішкі істер министрі Энергетика министрі __________________Ж. Қасымбек ________________Қ. Қасымов _________________Қ. Бозымбаев жылғы 20 шілде 2016 жылғы 27 маусым 2016 жылғы 16 маусым Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығына 1-қосымша Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік деңгейінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – Анықтама) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында жұмысқа өз бетінше орналасу үшін экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік талаптары және білім деңгейі сәйкес келетін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға берілетін белгіленген нысандағы құжат; 2) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. 2-тарау. Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру тәртібі 3. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өтініш беру тілінде, мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасын қамтамасыз ете отырып, анықтама беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді. 4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тану немесе нострификациялау рәсімінен өткен білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (мемлекеттік немесе орыс тілінде); 3) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы. Ұсынылған құжаттар қайтарылмайды. 5. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып уәкілетті органға жібереді. 6. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам не ол уәкілеттік берген адам анықтама алу үшін уәкiлеттi органға қағаз түрінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру туралы өтінішті осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып жібередi. 7. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық көлемде берілмеуі не олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі фактісі анықталған кезде уәкiлеттi орган олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тартудың жазбаша негіздемесімен оларды қабылдаудан бас тартады. 8. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның өтінішін қабылдауды және тіркеуді уәкілетті орган жүзеге асырады. 9. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) уәкілетті орган құрады, оның құрамына уәкілетті органның, білім беру, индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қауымдастықтардың, ішкі істер органдарының, сондай-ақ шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлері) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесінде көзделген салаларға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. 10. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды Комиссияға қарауға жолдайды. 11. Комиссия шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өтініштерін қараған кезде уәкілетті орган осы Қағидаларда көзделген тәртіппен бекітетін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптердің біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкестігін тексереді. Анықтама беру туралы өтініш беретін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның білім деңгейі (кәсіби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 117-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіптік стандарттарға, Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйым басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілік талаптарына жауап беруге тиіс. 12. Комиссия шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ұсынған құжаттарды талдаудың, сондай-ақ осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген біліктілік сипаттамалары өлшемшарттарының негізінде бағалау жүргізеді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру не осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен одан бас тарту туралы ұсынынымдар береді. Комиссияның шешімі әрбір шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға қатысты бөлек қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы комиссия мүшелері қол қояды. 13. Комиссия шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілік сипаттамаларының өлшемшарттарына сәйкес мынадай балдар есептейді: 1) білімі: экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жоғары білімі – 3 балл; экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша ғылыми дәрежесі – 4 балл. 2) жұмыс өтілі: экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жұмыс өтілі: 1 жылдан 3 жылға дейін – 2 балл; 3 жылдан 10 жылға дейін – 4 балл; 10 жылдан жоғары – 6 балл. 14. Уәкілетті орган өтінішті қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Комиссия ұсынымының негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Анықтама беру туралы шешім қабылдайды. 15. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беруден бас тартуға: 1) уәкілетті орган осы Қағидаларда көзделген тәртіппен бекітетін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге қойылатын біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға; 2) шетелдікті немесе азаматтығы адамды бағалау нәтижесінің бес балды құрайтын шекті мәніне қол жеткізбеу негіз болып табылады. 16. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қағаз түрінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Анықтама береді, ол туралы шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға жазбаша хабарлайды. 17. Анықтама беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес оның негіздемесін көрсетеді және шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды. 18. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері бойынша берген анықтамаларды немесе себептерінің дәлелді негіздемесімен анықтамаларды беруден бас тарту туралы шешімдерді уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне шығу елдерінің Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне қайта жолдау және одан әрі өтініш берушілерге беру үшін жібереді. 19. Уәкілетті орган берген анықтама басқа адамға берілмеуге тиіс және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. 20. Анықтама үш айдан аспайтын мерзімге беріледі. 21. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган Анықтаманы еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге береді. 22. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жұмыс берушімен еңбек шарты жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қағаз түрінде мынадай құжаттарды жолдайды: 1) уәкілетті орган бұрын берген анықтама; 2) жұмыс беруші туралы, атауын қосатын мәліметтер, жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмiрi немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi көрсетілген еркін нысандағы өтініш; 3) еңбек шартының көшірмесі. 23. Анықтаманың қолданылу мерзімі ішінде жұмыс беруші өзгерген жағдайда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жаңа еңбек шартын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ол туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлама жібереді. 24. Жұмыс беруші ауысқан кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 25. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам бес жұмыс күні ішінде ол туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлама жібереді. 26. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықтаманы кері қайтарып алуға негіз болып табылады. 27. Бұрын берілген анықтаманы қайта ресімдеу шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады. Шетелдік және азаматтығы жоқ адам тегі, аты, әкесінің аты, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аталған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, анықтаманы қайта ресімдеу туралы өтініш береді Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықтаманы жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді. Анықтама жоғалған, бұзылған жағдайда уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар анықтаманың телнұсқасын береді. Бұл ретте берілген телнұсқа жоғалған немесе бұзылған анықтаманың түпнұсқасында көрсетілген мерзім өткенге дейін қолданылады. Жоғалған, бұзылған анықтамалар шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам оның жоғалғаны, бұзылғаны туралы өтініш берген күннен бастап жарамсыз болып саналады. 28. Мынадай: 1) ол берілген мерзім аяқталған; 2) берілген анықтама кері қайтарылып алынған; 3) жеке тұлға – жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған; 4) ұсынған кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның жалған ақпарат бергені анықталған жағдайларда анықтаманың қолданысы тоқтатылады. Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларына 1-қосымша нысан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне кімнен _________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________________________ (паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) №, берілген күні және берген орган) Мекенжайы, телефоны, факсы_____________________ ______________________________________________ Резиденттік еліндегі мекенжайы, телефоны ______________________________________________ ӨТІНІШ _____________________________________________________________________________________________ («Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес экономиканың басым саласы (экономикалық қызмет түрі), кәсіп көрсетіледі) кәсібі бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беруді сұраймын. Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Өтінішке: 1)___________________________________________; 2)___________________________________________; 3)___________________________________________ қоса беріледі. Өтініш 20_жылғы «__»________________берілді Өтініш берушінің қолы _______________________________________ Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларына 2-қосымша нысан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы АНЫҚТАМА № _____ 20__ ж. «__» __________ _________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие мынадай кәсіп бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сәйкестігі үшін берілді: _____________________________________________________________________________________ ­­­­­­­­­­­­­­­_____________________________________________________________________________________________ («Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіп, сала көрсетіледі) Анықтаманы беру үшін негіздеме ____________________________________ Анықтаманың қолданылу мерзімі __________бастап ______________дейін (күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы) М.О. ___________________ _______________ (тегі, аты-жөні) (қолы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығына 2-қосымша Шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі № Экономиканың басым салалары Экономикалық қызмет түрі Кәсіптер 1 2 3 4 1. Білім беру Жалпы орта білім 1. Мұғалім – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7 - біліктілік деңгейлері (білім ұйымында қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1. биология мұғалімі (шет тілін білетін) 2. информатика мұғалімі (шет тілін білетін) 3. қосымша білім беру педагогі (шет тілін білетін) 4. физика мұғалімі (шет тілін білетін) 5. химия мұғалімі (шет тілін білетін) Техникалық және кәсіптік орта білім 1. Оқытушы – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7 - біліктілік деңгейлері (білім ұйымында қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы (бейін бойынша) пәндер оқытушысы (шет тілін білетін) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 1. Оқытушы – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 - біліктілік деңгейлері (білім ұйымында қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) арнайы пәндер мұғалімі (шет тілін білетін) 2) ғылыми қызметкер (шет тілін білетін) 3) менеджер (ректор, проректор, декан, құрылымдық бөлімшелер басшылары) (шет тілін білетін) 2. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ұсыну Денсаулық сақтау саласындағы қызмет 1. Анестезиолог-реаниматолог дәрігер 2. Балалар хирург дәрігері (неонатальдық) 3. Жалпы пракика дәрігері 4. Неонатолог дәрігер 5. Онкогематолог дәрігер 6. Онколог дәрігер 7. Патологоанатом дәрігер (оның ішінде цитолог дәрігер) 8. Педиатр дәрігер 9. Психиатр-нарколог дәрігер 10. Физик инженер (медицинадағы) 11. Фтизиатр дәрігер 3. Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар, жалға алу және тұтынушыларға қызметтер ұсыну Есептеуіш техникамен байланысты қызмет 1. Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман (компьютерлік арнайы эффектер жөніндегі маман, электроника және ақпараттық технологиялар жөніндегі маман, анимация және компьютерлік графика жөніндегі маман) 2. Бағдарламашы (компьютерлік), (Бағдарламашы-жасаушы) 3. Дерекқор әкімшісі 4. Жаңа техника мен технологиялар енгізу жөніндегі инженер 5. Жүйелік сәулетші 6. Жүйелік талдаушы 4. Коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер ұсыну Демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру саласындағы қызмет 1. Әртіс 2. Бутафор 3. Жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер (аудио-, бейне-) 4. Дыбысты жазу жөніндегі инженер (Dolby дыбыс жүйелері) 5. Өнертанушы 6. Таспаны сынау және өңдеу жөніндегі инженер (кинотаспаны дайындау жөніндегі инженер) 7. Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері бар заңгер, экономист, инженер (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) орталық директоры (мұражай-көрме, ғылыми-техникалық шығармашылық) 5. Көлік және байланыс Теміржол көлігі қызметі 1. Зауыттағы инспектор- қабылдаушы (теміржол өнімін) Әуе көлігі қызметі 1. Авиациядағы инженер-конструктор 2. Авиациялық тасымалдарды (жолаушылар, пошта-жүк, халықаралық) ұйымдастыру жөнiндегi диспетчер (ұшуды ұйымдастыру жөніндегі маман) 3. Авиациялық техниканы диагностикалау жөніндегі инженер (авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету, оны жөндеу және диагностикалау жөніндегі инженер-бақылаушы) 4. Авиациялық және радиоэлектрондық жабдық жөніндегі инженер 5. Әуе кемесінің жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі маман 6. Ғарыш аппараттарын баллистикалық қамтамасыз ету жөніндегі маман 7. Ғарыш аппараттарының борт жүйелері жөніндегі маман 8. Өндірістік-диспетчерлік қызмет диспетчері (әуе кемелерінің ұшуға дайындығын бақылау, тәуліктік ұшу жоспарын қамтамасыз ету, ақпараттық-анықтамалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі) (авиациялық нормативтер мен жарияланымдарды бақылау жөніндегі маман) 9. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі әкімші (ұшу қауіпсіздігі жөніндегі маман) Теңіз көлігі қызметі 1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) порт флотының басшысы 2) порт флоты басшысының орынбасары 2. Капитан-тәлімгер 3. Кеме жасаудағы инженер-конструктор 4. Кеме жасаудағы техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға инженер 5. Механик-тәлімгер 6. Суасты-техникалық жұмыстар жөніндегі инженер (теңіз құбырларын салу жөніндегі инженер, теңіз құбырлары жөніндегі маман) 7. Супервайзер (теңіз құрылыстары жөніндегі) 8. Электр жүйелерінің инженері (теңіз жабдығын басқару) 6. Өңдеу өнеркәсібі Металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдары өндірісі 1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы) 2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор 3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент) 4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы) Кокс, мұнай өнімдері және ядролық материалдар өндірісі 1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы) 2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор 3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент) 4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы) Сусындар мен темекіні қоса алғанда, тамақ өнімдері өндірісі 1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы) 2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор 3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент) 4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы) Химия өнеркәсібі және мұнайгаз-химия 1. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі инженер 2. Жабдықты жинақтау жөнiндегі инженер (газ тасымалдау саласында) 3. Желілік құрылыстар инженері (газ тасымалдау саласындағы) 4. Өндіріс бастығы 5. Сынақтарды ретке келтіру жөніндегі инженер (газ тасымалдау саласындағы) 6. Инженер-технолог 7. Технологияны ретке келтіру, жетілдіру және пайдалану жөніндегі инженер (газ тасымалдау саласындағы) 8. Инженер-химик 9. Инженер-электрик (энергиямен және сумен жабдықтау және электр химиялық қорғаныс) Машина мен жабдықтар өндірісі 1. Бас инженер 2. Еңбекті нормалау жөніндегі инженер 3. Заңгер, инженер, экономист –Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы) 2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор 3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент) 4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы) 4. Инженер-электрик Электр жабдығы, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі 1. Бас инжинер 2. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы) 2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор 3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент) 4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы) 3. Инженер-технолог 4. Электр энергетикалық жабдықты ретке келтіру және жөндеу жөніндегі инженер Басқа металл емес минералдық өнімдер өндірісі 1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы) 2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор 3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент) 4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14149 болып енгізілді.