Елордада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 7-қазанда болатын Қазақстан Республикасы Судьяларының VII съезіне арналған «Қазақстандағы сот билігі: өткен тарихы мен қазіргі кезеңі» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі болды. Оны сөз сөйлеп ашқан Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми көрменің мақсаты мен маңызына ерекше тоқталды. Ол осында ежелгі дәуірден бастап, бүгінгі күнге дейінгі қазақстандық сот жүйесінің даму тарихына қатысты барлық материалдармен танысуға болатынын жеткізді. «Қасым ханның – қасқа жолы, Есім ханның – ескі жолы және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» көшпелі Ұлы Дала еліндегі сот әділдігінің негізін қалады. Аталған жарғылар сол дәуірдегі құқықтық қатынастарды реттеумен қатар, қоғамдық келісімді сақтауға ықпал етті. Қазақ билері сот істерімен бірге заң шығарушылық, атқарушылық және дипломатиялық қызметті де қоса атқарып келген», – деді Қайрат Әбдіразақұлы. Сондай-ақ, келушілер назарына билердің қол қойған саяси әкімшілік құжаттары, хандар мен сұлтандарға және шетелдік билеушілерге жазған хаттары ұсынылғандығы ортаға салынды.
Экспозиция «Ежелгі дәуір, орта ғасыр және революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы дәстүрлі құқық пен сот билігі», «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі сот-құқық жүйесі» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» деген үш бөлімнен тұрады. Мұнда қойылған экспонаттар мен фотосуреттер, құжаттар, материалдар мен бейнематериалдар Жоғарғы Сот музейінен, Президент, Тұңғыш Президент, Ұлттық және Орталық мемлекеттік мұрағаттарынан жинақталған. Көрмеге 210 фотосурет пен 50 экспонат қойылған.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20