Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт аудандық мәслихатының бір топ депутаты сенатор Әли Бектаевқа хат жолдап, аудан орталығындағы «Шығыс» шағын ауданындағы 250 га жерге инженерлік-коммуникациялық құрылыс жұмысын жүргізу үшін 2,4 млрд теңгені республикалық бюджетте қарастыруға ықпал етіңіз деген өтініш айтқан еді.
Бүгінгі күні Қазығұрт елді мекенінің өзінде ғана 10 мыңға жуық азамат тұрғын үй салу үшін жер алу кезегінде тұр екен. Егер аталған жерге инженерлік-коммуникациялық желілер тартылса, 6 мыңдай тұрғынның жер алу өтініші қанағаттандырылмақшы. Оның 2,4 млрд теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, 2015 жылдың 9 қаңтарында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын да алып қойған. Мәселе тек республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа ғана тіреліп тұр.
Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеуді тапсырған еді. Онда жекеменшік құрылысшыларды ынталандыру ісіне баса көңіл бөлу керектігі айтылған. Елбасы жекеменшік үй салушылардың шығындарын азайтып, мемлекет инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың құнын өз мойнына алу керектігін атап айтқан. Бұл барлық шығынның 30 пайызын құрайтыны да ескертілген.
Міне, осы бағдарлама әзірленсе, қазығұрттықтардың өтініші де орындалары сөзсіз. Оның үстіне, сенаторлар Әли Бектаев пен Асқар Бейсенбаев осы мәселені оң шешуді сұрап, Премьер-Министрге депутаттық сауал да жолдапты. Енді сенаторларда бұл сауал іздегенге – сұраған болып, «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеу барысында ескерілер деген сенім зор.
«Егемен-ақпарат»

Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78 адамға жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?
Мереке • Бүгін, 11:01
Вьетнам шетелдіктер үшін елге кіру рәсімін жеңілдетті
Туризм • Бүгін, 10:52
Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған
Аймақтар • Бүгін, 10:51
Жамбыл облысында пара алған экс-полицейлерге сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:37
Иран Ормұз бұғазындағы алымдарды 60 күнге тоқтатты
Әлем • Бүгін, 10:30
Volkswagen компаниясы 50 мың жұмысшыны қысқартады
Әлем • Бүгін, 10:22
Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ашылды
Логистика • Бүгін, 10:11
Талдықорғанда есірткі таратқан ерлі-зайыпты ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:59
Степногорскіде оқушылардың жеке деректері тарап кеткен: Кінәлілер жазаланды
Оқиға • Бүгін, 09:45
Табиғатты қорғау – ортақ жауапкершілік
Экология • Бүгін, 09:10
Спорт • Бүгін, 09:07
Жануарлар • Бүгін, 09:05
Футбол • Бүгін, 09:03
Қоғам • Бүгін, 09:02