23 Қыркүйек, 2016

Астанада Жамбыл облысының мәдениет күндері басталды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс делегациясы астаналықтарды үш күн бойы өңірдің тарихымен, мәде­ниетімен, жетістіктерімен таныс­ты­рады, деп хабарлайды аталған өңір бас­шылығының ресми сайты. Мәдениет күндерінің аясында астаналықтардың назарына бірқатар  мәдени бағдарлама­лар ұсынылады. Атап айтқанда, бірқатар спек­такльдер және аталған облыс өнер­паздарының қатысуымен «Ұлы Дала Ұлысым!» атты  концерттік бағдарлама қой­ылады деп күтілуде. Сонымен қатар, бүгін жамбылдық  тауар өндірушілер арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеге қатысады. Жәрмеңкеге жалпы құны – 237,5 млн теңге болатын, салмағы 300 тоннадан асатын 30-дан астам өнім түрлері қойылады. Оның ішінде 10 тонна жылқы, 1,4 тонна тауық еті, 5 тонна шұжық, 10 тонна сүт өнімдері, 11 мың дана жұмыртқа, 1,5 тонна кондитерлік және 6 тонна макарон өнімдері бар. Сондай-ақ, астаналықтарға 10 тонна қант, 0,5 тонна тұз, 5 тонна балық, 2,2 тонна бал, 4,2 тонна қымыз бен шұбат және 245,3 тонна жеміс-жидек пен көкөністер ұсынылады. «Егемен-ақпарат»