Отырар шөлейтті жер. Шөлейтті жердің қауыны дәмді болады. Осыны жақсы білетін Ресей кәсіпкерлері торлама қауын піскен кезде күн-түн жүріп осында келеді.
Жақында Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов Маяқұм, Балтакөл ауылдық округтеріне барып, осындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, диқандармен жүздесті. Сыр жағалап қонған ауылдардың жағдайы жаман емес. Халқымызда «көктемнің әр күні жылға азық» деген қанатты сөз бар. Ерте қамданған диқандар қоңыр күзде «қазан аузы жоғары» деп отыр.
«Отырар агроөнімдері» кооперативіне осы ауылдарда «Серікбай-Б», «Мейірбек ЛТД» және «Үсенов-Н» серіктестіктері кіріп, өнімді жұмыс жасауда.
100 гектар алқапқа «Жиенбай» сортты қауын, 130 гектарға жоңышқа, 100 гектарға жүгері еккен диқандар артық өнімдерді қайда өткіземді ойлай бермейді.
Сонау Санкт-Петербург, Мәскеуден ат арытып шыққан ресейлік алармандар бұл жердің жағдайын жақсы біледі. Арада алыс-беріс бар. Піскен бау-бақша өнімдерін алқап басынан артып әкетеді.
– Мұның бәрі Мемлекеттік қамқорлықтың арқасында мүмкін болып жатыр, – дейді аудан әкімі. – Бұрындары диқандарымыздың жеке-дара жасаған жұмыстары өнбей, көбіне еңбегі еш болып жататын. Шағын шаруашылықтар іріленіп, кооперативке біріккеннен кейін арзан жанармайдан тыңайтқышқа дейін тиімді бағамен алынатын болды. Сонымен қатар, бақша дақылдарына мемлекет тарапынан берілетін субсидия түсетін пайданы еселеуде. Сондықтан, кәсіпкерлеріміз Елбасының ауыл шаруашылығына жасаған қамқорлығына рахмет айтады.
Расында, күні кеше шарасыздықтан шаруасының ретін келтіре алмай, құла дүзде қаңбақ тоқтай алмаған алқап бүгінде ауылдың бүйірін шығарып отыр.
Диқандар тамшылатып суару технологиясы бойынша 104 гектар жерге пияз егіп, гектарынан 60 тоннаға дейін өнім жинап алуда. Мұнымен тоқмейілсімей, 50 гектар жерге тамшылатып суару арқылы күздік пияз егіпті.
Ауыл – қазақтың алтын бесігі, ортаймайтын құтты қазаны, молшылық мекені.
Ауыл түлесе, қаланың берекесі кіреді. Күні кеше ебелек жортқан құла дүз еңбектің арқасында ырысы тасып жатыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54
Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды
Қылмыс • Бүгін, 09:39
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан халықаралық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:34
Telegram мессенджері уақытша бұғатталды
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19
АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05
Жозимардың қақпасы сыр бермеді
Футбол • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Жазғы демалысқа жан-жақты дайындық
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Көлсайдағы табиғат қорғау акциясы
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Мәселе • Бүгін, 08:50