27 Қыркүйек, 2016

Жасампаздық жылнамасы

377 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
eg-26-mamyr-1994-zhyl1994 *10 мамырда Қазақстанның тұңғыш платинасының құймалары алынды. Олар АҚШ-тың «Сабин металл корпорейшн» фирмасының зауытында Қазақстан шикізатынан балқытылды. Алты құйманың жалпы салмағы – 14 килограмм. *  23 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте болып, Қазақстанның Өзбекстандағы күндерінің ресми ашылуына қатысты. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 26 мамырындағы нөмірінде «Тамыры терең, тағдыры ортақ» та­қы­рыбымен мақала жарияланды. * 27 мамырда Қазақстан НАТО-ның «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына қосылды. Қазақстан бұл бағдарламаның 19-мүше мемлекетіне айналды. * 1 шілдеде тағы бір қазақ азаматы – Талғат Мұсабаев ғарыш көгіне көтерілді. * 6 шілдеде депутаттар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасын талқылай келіп, Прези­денттің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсынысымен келісті. Сонымен, Қазақстан тарихында тағы бір белесті кезең басталды. *8 шілдеде Өзбекстан Президенті Ислам Каримов пен Қырғызстан Президенті Асқар Ақаев жоғары дәрежелі үшжақты кездесуге қатысу үшін Алматыға келді. Үш республика басшылары қабылдаған бірлескен мәлімдемеде туысқан елдерді жақындастыру үдерісінің жандануы атап өтілді. * 7 тамызда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейдің Санкт-Петербург қаласына, Эстония, Литва мен Украинаға сапарлары басталды. Тамыздың 11-іне дейін өткен сан түрлі кездесулер Қазақстанның экономикасына тиімділігін көрсетті. * 21-25 қыркүйек аралығында Президент Н.Ә.Назарбаевтың Италия Республикасына ресми сапары болды. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Италия Премьер-министрі С.Берлусконимен кездесті. * 25-28 қыркүйек аралығында Президент Н.Ә.Назарбаев Сауд Арабиясына ресми сапармен барды. Елбасы Сауд Арабиясының Королі Фахд Бин Абдель Азизбен, Тақ мұрагері Абдалла бин Абдель Азизбен, Қорғаныс және авиация министрі принц Султан бин Абдель Азизбен кездесті. * 16-17 қазан күндері Президент Н.Ә.Назарбаев Түр­кияға ресми сапар жасады. Сапар аясында Әзер­байжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан президенттері Ыстанбұлда бас қосты. * 21 қазанда Мәскеуде ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде Мемлекетаралық экономикалық комитет құру туралы мәселе қаралды. *23 қазанда Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары алғаш рет тапсырылды. Осы орайда Елбасы жаңа ордендер мен медальдар – біздің мемлекеттігіміздің тағы бір көрінісі екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сан миллиондап есептелетін көпұлтты халқы арасында награда туралы ойланып жатпастан өз тәжірибесі мен шеберлігін, таланты мен шабытын Отан игілігіне риясыз жұмсайтын адамдар көп екендігін, Қазақстанның ертеңгі күнінің жарқын болатындығының кепілі – сан мыңдаған жаны жайсаң отандастарымыздың ерен еңбегі мен жан жылуы екенін жеткізді.. * 4 қарашада «Союз ТМ-19» ғарыш кемесінің құлдилау аппараты Қазақстан топырағына, Арқалық қаласына таяу жерге жайлап келіп қонды. Екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев пен оның ғарышта бірге болған серіктестерін жұмыс бабындағы сапармен сол өңірге барған Президент Нұрсұлтан Назарбаев ыстық ықыласпен құттықтады. *1 желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Моңғолия Президенті П.Жасрайды қабылдады. *   5 желтоқсанда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің Будапештегі жоғары дәрежелі кездесуінде Ресейдің, АҚШ-тың және Ұлыбританияның басшылары Украина, Беларусь және Қазақстан қауіпсіздігінің кепілдіктері туралы меморандумға қол қойды. Нұрсұлтан Назарбаев: «Қа­зақстан ядро­лық қаруды және оны жеткізу құ­ралдарын жою ісінде АҚШ-пен және басқа елдермен ын­тымақтасуға үміт артады», деді. eg-26-zheltoksan-1994-zhyl* 14 жел­тоқ­санда Ал­ма­­тыдағы Рес­пуб­лика са­ра­йын­да Тұрар Рысқұловтың, Сұл­танбек Қо­жановтың, Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жан­сүгі­ровтің, Бейімбет Май­­линнің туғанына 100 жыл толуына арналған тарихи кеш болып өтті. Халқымыздың аяулы бес перзентінің өмірі мен қызметі туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасады. *  18 желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаев Алматыға келген Латвия Президенті Гунтис Улманиспен кездесті. * 21 желтоқсанда Ел газеті «Егемен Қазақстанның» 75 жыл­дық мерейтойына орай Президент Нұрсұлтан Назарбаев газет қыз­меткерлерімен, облыстардағы тілшілермен жүздесіп, ашық-жарқын әңгіме өткізді. Президент ұлттың бас басылымының журналистеріне «Сіздер Елбасының елдегі құлағы мен көзісіздер» деп баға беріп, аманат жүгін арқалатты. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 27 желтоқсан күнгі нөмірінде «Сіздер – Елбасының елдегі құлағы мен көзісіздер» тақырыбымен мақала жарияланды. *  31 желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жаңажылдық Үндеуі жарияланды. «Осы жыл біздің қазақстандықтар үшін елдігі мен ерлігін танытқан жыл болды. Республика халқы инфляцияның ащы дәмін татып, қиын шақтарды бастан кешірді. Осындай күрделі жағдайға қарамастан біздің адамдардың бойында тамаша қасиеттер қалыптаса бастады: өтпелі кезеңнің болмай қоймайтын ауыртпалықтарына түсіністікпен қарады, ең бастысы – әркімнің көкірегіне болашаққа, қалап алған бағытымызға деген сенім ұялады», деді Елбасы.