Алматы қаласында гольфтан «Kazakhstan Open» халықаралық турнирі өтетінін бұған дейін де жазған едік. Бүгін әлемнің 132 елінен арнайы келген ойыншылар «Жайлау» гольф кешенінде жиналып, танысу рәсімін өткізеді. Он екінші жыл қатарынан өтіп, дәстүрге айналған жарыстың тізгін қағар сәтінде Қазақстан гольф федерациясының бас хатшысы Константин Лифановты сөзге тартқан едік.
– Константин, сіз «Kazakhstan Open» турнирін өткізу жұмыстарының басы-қасында жүргелі біршама жыл болған екен. Бұл халықаралық турнирдің басты жетістігі неде? Әуелгі мақсат орындалды ма?
– Жетістіктерді санамалайтын болсақ, өткен он екі жылдық тарихымыздағы жұмыстар ұзақ әңгіменің арқауы болар еді. Ал ең басты жетістігіміз деп, Қазақстан топырағында гольф ойындарының қалыптасып болғанын толық сеніммен айта аламын. Осыдан он екі жыл бұрын елімізге әлемдік спорт элитасының назарын аударатындай турнир өткізу қажеттігін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев нықтап тапсырған болатын. Халықаралық аренаға Барыс бейнелі елдің даңқын паш ету үшін тиісті тапсырма алған мамандардың еңбегі мен Елбасының идеясы жемісін берді. 2004 жылы Лондондағы Еуропалық турды ұйымдастырушылардың офисінде алғашқы кездесу өтті. Шынымды айтсам, дәл сол сәтте бұл идеяның санаулы жылдарда, сәтті жүзеге асатындығына гольфтің қыр-сырына қанық мамандар түгілі өзім де аса сенімді емес едім... Өйткені, ол кезеңде Еуропада Қазақстан жайлы мағлұмат өте аз еді. Біздің спорт елі екенімізді ілеу де біреу ғана мойындайтын. Бізді өте ауыр сынақ күтіп тұрды. Керемет жұмыс жасалды. Нәтижесінде, араға бір жыл салып алғашқы халықаралық турнир өткізуге қол жеткіздік. Және қандай турнир деңіз? Шетелден 130 ойыншы шақырып, талапқа сай ойын алаңын таныстырғанымызда, олардың ауыздары ашылып қалып еді... Біз сол жолы қазақтың қонақжайлылығымен қатар гольфті де еуропалықтардан кем ойнамайтындығымызды мойындатып жіберген едік.
– Демек, «Kazakhstan Open» турнирін өткізу еліміз үшін имидж қалыптастыру жолындағы жаңа қадамның бірі болған екен. Ал әлем ойыншылары үшін Қазақстан тек ойын алаңдарын ұсынушы ел болып отыр ма? Әлде, бізде өтетін турнирлер жаһандық жарыстардың алдындағы «ет қыздыру» ойындары санала ма?
– Ойыңызды ұққандаймын. Мынаны қараңыз, біз жыл сайын өткізетін турнир European Challenge Tour атты үлкен ойынның бір бұтағы іспетті. Осы жерде жеңіске жеткен ойыншылар Лондонға жолдама алады. Бұл – гольф тарихына енген дәстүр. Енді дүние жүзіндегі гольф ойындарының тарихы Қазақстансыз жазылмайтын болды. Айтпақшы, осы Алматының жасыл қыратында алғаш рет чемпион атанғандар бар. Қазір әлемнің гольф жанкүйерлері табынатын Марк Каймер, Алваро Кирос, Эдуардо Молинари, Томми Флитвуд сияқты жұлдыздардың тұсауын «Kazakhstan Open» кескен еді...
– Ал өз ойыншыларымыз ше? Мысалға, әлем бізді гольф ойнайтын ел қатарына қоса ма?
– 2004 жылы осы қызметке келгенімде гольфке қызығушылық танытатындардың барлығын түстеп танитын едім, әрі кеткенде 20 адам болатын. Қазір біздің корттарымызға әуесқой ойыншылар кезекке тұрады десем сенбессіз... Кәсіпқойлар клубында үш жүзден аса мүше бар. Жерлесіміз, мақтанышымыз Дәулет Тұрлыбаев еуропалық турнирлерде топ жарып, «кәсіби гольф ойыншысы» атағын иеленген. European Tour серияларына қатысады.
– Отандық гольфтің дамуы туралы айтқанда, тек Алматымен шектелеміз бе, әлде...
– Алматыда екі үлкен гольф алаңы барын білесіздер, олар дүниежүзілік талап бойынша санаулы 20 орындардың қатарына кіреді. Ал еліміздегі гольфтің дамуы жаңа кезеңге өтті десе де болады. Федерация президенті Нұртай Әбіқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша барлық аймақта бөлімшелер құрылып жатыр. Астана, Ақтау, Қарағанды, Шымкент, Қостанай және Талдықорғанда жұмыс басталды. Қазір әлемде гольф ойындары бұқаралық сипат алып келеді. Олимпиада ойындарының санатына қосылды. Биыл тұңғыш рет Риода гольфтан әлем чемпионын таныдық. Қысқасы, Қазақстандағы гольфтің дамуынан жарқын болашақ күтуге болады.
– Константин мырза, соңғы сұрақ. Мына басталған турнирде еліміздің Туын ұстап шығатын ойыншылар бар ма?
– Әрине, әлемнің назары бізге ауып отырғанда әрі өз топырағымызда тұрғанда ойынның Қазақстансыз өтуі қисынсыз болар еді. Біз ел ішінде кіші чемпионат өткізгенбіз. Топ жарған ойыншылар турнирге қатысады. Ертеңнен бастап Нұртай Салдаров пен Зият Сейілбековтердің ойындарын тамашалайтын боламыз. Екеуі де әуесқой гольфші. Ал кәсіпқой шеберлердің қатарында Александр Вонгай ойнамақшы, бұл жігітті жұрт Балалар гольфі академиясының директоры ретінде тануы тиіс. Жалпы, өзіміздің ойыншылар жайлы жиі жазып тұрсаңыздар екен. «Егемен Қазақстанның» оқырмандарына гольф ойыны туралы білу қызықты деп ойлаймын. Және біздің бас ақпараттық серіктесіміз ретінде есігіміз ашық, бәріңізді ойынның қонағы болуға шақырамын.
– Ендеше, жеңіс жолында жолығайық!
Әңгімелескен
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Алматы

Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:27
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Бүгін, 21:25
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:04
Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында
Ғылым • Бүгін, 20:47
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?
Спорт • Бүгін, 20:34
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35