Қарағанды облысындағы Балқаш қалалық әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері күнде таңертең жұмысқа кірісердің алдында дене шынықтыру жаттығуларын жасайды. Мұндай игі іске ұйытқы болған қала әкімі Александр Аглиулин екен.
«Біз күнде таңғы сағат 8.30-да әкімдік ғимаратының үшінші қабатына көтеріліп, сондағы дәлізде дене шынықтыру жаттығуларын жасаймыз. Бұл бастаманы қызметкерлер қуана қабыл алды. Өйткені, жаттығулар адамды сергітіп, жұмысқа деген құлшынысты арттырады», дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Айнұр Бектұрова.
Кешенді жаттығулар мойын, арқа, қол және аяқ бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысын ширатуға бағытталған. Шамамен алғанда 15 минутқа созылатын таңғы бой жазу жаттығуларын бөлім қызметкерлері кезектесіп жүргізетін көрінеді. Қолы тигенде әкімнің өзі де жаттығу жасаушылардың қатарына қосылады екен.
Айтуларына қарағанда, күні бойы компьютердің алдында отыратын мемлекеттік қызметкерлер спорттық жаттығулардан кейін денелерінің құрыс-тырысы жазылып, өздерін сергек сезіне бастапты.
Қайрат Әбілдинов
• 28 Қыркүйек, 2016
Балқаш әкімі қызметкерлеріне таңертеңгі жаттығу жасатады

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше