Қазақстан ТМД шеңберінде Беларусьтің негізгі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 2015 жылы 519,7 млн долларды құраған, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 37,8%-ға төмен. Сондай-ақ, Қазақстаннан Беларуське шығарылатын экспорт мөлшері 22,2%-ға қысқарып, 47,7 млн доллар болған. Беларусьтен елмізге келетін импорт та 39,0%-ға кеміп, 472,0 млн долларды құрапты. Мұндай үдерістің қалыптасуын сарапшылар ең алдымен, қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайымен байланыстырып отыр.
«Екіжақты тауар айналымның 90%-ы Беларусь тауарлары мен өнімдерін құраса, қалған 10%-ы отандық тауарларға тиесілі. Бүгінгі күнге дейін екі елдің арасындағы тауар айналымы біртіндеп өсіп, шамамен 1 млрд долларға жақындап қалған еді. Алайда, қаржылық дағдарыстың әсерінен бұл көрсеткіш өткен жылы 519 млн долларға дейін төмендеді. Биылғы жылы бұл үдеріс әлі де жалғасып келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында тауар айналымы 145,8 млн долларды құрады. Бұл өткен жылғы дәл осы уақыт аралығындағы көрсеткіштен 46,4%-ға төмен. Әрине, бұл жағдай екі елге ғана байланысты болып тұрған жоқ. Бұл әлемдегі экономикалық жағдайдың әсерінен қалыптасқан үрдіс. Бірақ соған қарамастан, біз экспорт-импорт, тауар айналымы көрсеткіштерін жоғарылатуға күш салатын боламыз». Сыртқы істер министрлігі арнайы ұйымдастырған брифингте Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерғали Бөлегенов осылай деді.
Төтенше және өкілетті елші сондай-ақ екіжақты әріптестікке, қос мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына мемлекет басшыларының сенімге құрылған, достыққа негізделген қарым-қатынасы айтарлықтай әсер еткенін жеткізді. Ол ғарыш, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, білім-ғылым, денсаулық сақтау, коммуникация, транзит, IT-технология, жол-құрылыс, машина жасау салаларында оң әріптестік байланыс орнатылғанына тоқталып өтті. Мәселен, Беларусьтің 5 әскери академиясы мен жоғары оқу орнын 2012 жылдан бері Қазақстаннан барған 300-ге тарта әскери азамат тәмамдапты. Ал бүгінде бұл елде 300-ден астам қазақстандық студент білім алып жатыр екен.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ
• 28 Қыркүйек, 2016
Қазақстан мен Беларусь өзара тауар айналымын арттыруға мүдделі

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03
Газ саласын цифрландыру: QazaqGaz Aimaq қосымшасы қалай жұмыс істейді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:54
Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50