Жақында Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы 71-ші сессиясының аясында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Кариб қауымдастығының (КАРИКОМ) бас хатшысы Ирвин Ла Рокпен кездесті. Кездесу қорытындысында Кариб қауымдастығының ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы Шартқа қол қойылды.
Екіжақты кездесу барысында Р.Жошыбаев И.Ла Рокты халықаралық көрмені өткізуге байланысты жасалып жатқан дайындық мәселелерімен жан-жақты таныстырды. Ол сонымен бірге КАРИКОМ-ның бас хатшысын әлемдік көрменің жұмысы басталған кезде Астана қаласына келуге шақырды. Өз кезегінде КАРИКОМ-ның бас хатшысы ЭКСПО-2017 көрмесінің бас тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» Кариб бассейніндегі елдер үшін қаншалықты маңызды екендігін тілге тиек етті. Оның айтуынша, Кариб қауымдастығы елдерінің көпшілігі дәстүрлі энергия көздерінен тапшылық көріп келеді. Сондықтан бұл елдер баламалы қуат көздерін игеруге ерекше ынталылық білдіруде.
Тараптар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстанның мүше болуына байланысты су, энергия және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша жан-жақты диалог өткізуге мүдделіліктерін білдірді. Бұл мәселелер Кариб қауымдастығы елдері үшін өте өзекті болып табылады. Себебі, бұл мемлекеттер жаһандық жылыну үрдісі басталғаннан бері ауа райының келеңсіз апаттарына жиі тап болуда.
Бүгінгі күнге дейін Кариб қауымдастығына қарасты 10 мемлекет көрме жұмысына қатысатындығын растады. Олардың қатарында Антигуа және Барбуда, Белиз, Доминика, Гренада, Гайана, Гаити, Сент-Китс және Невис, Сент-Винсент және Гренадины, Сент-Люсия және Сурина мемлекеттері бар. Осы аталған елдердің атынан көрменің бірыңғай Комиссары ретінде КАРИКОМ-ның бас хатшысы Ирвин Ла Рок тағайындалды. Бұл өз кезегінде елордада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің Кариб бассейні елдері үшін маңызының аса зор екендігін көрсетсе керек.
Нью-Йорк қаласындағы кездесулер аясында Рәпіл Жошыбаев БҰҰ-ның әлсіз дамыған елдер, теңізге шығатын жолы жоқ елдер және шағын аралдардағы дамушы елдер бойынша жоғары өкілі – Бас хатшының орынбасары Гия Чандро Ачариемен және БҰҰ Бас хатшысының тұрақты даму жөніндегі орынбасары Ву Хонбомен кездесті. Тараптар БҰҰ атынан ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне бірыңғай комиссар тағайындау, Астана қаласындағы көрме жұмысы кезінде БҰҰ құрылымында өткізілетін тақырыптық шараларды, сонымен бірге, БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі Конвенциясын іс жүзіне асыру барысындағы мәселелерді жан-жақты талқылады.
Ұлан САНЖАР

Павлодарда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:10
Израильдің Ливанға жасаған шабуылынан 4 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 16:00
Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:51
Бүгін Дастан Сәтпаев «Қайрат» жейдесіндегі соңғы матчын өткізеді
Футбол • Бүгін, 15:49
ҰБТ: Грант конкурсына құжат қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 15:39
Ұлттық білім беру платформасы Қазақстанға не үшін қажет?
Білім • Бүгін, 15:35
Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды
Мереке • Бүгін, 15:24
Азат Перуашев партия төрағасы қызметінен кету себебін түсіндірді
Партия • Бүгін, 15:09
Ақтауда гүлді тегін таратқан кәсіпкер айыппұл арқалады
Аймақтар • Бүгін, 15:00
Мәжіліс ҰҚШҰ елдерінде әскери күштердің болуы ережелерін жеңілдетуді қолдады
Парламент • Бүгін, 14:51
Англия мен Өзбекстан құрамасының бірнеше ойыншысы әлем чемпионатына қатыспайды
Футбол • Бүгін, 14:47
Жасанды интеллектінің әсері: Болашақта кімдер жұмыссыз қалуы мүмкін?
Қоғам • Бүгін, 14:35
Астана қаласы парақорлық ісі бойынша көш бастап тұр
Оқиға • Бүгін, 14:27
Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалды
Оқиға • Бүгін, 14:15
Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың ұлы қамауға алынды
Әлем • Бүгін, 14:03