29 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №210 

442 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 18 наурыз, Астана қаласы Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 40) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. ШКОЛЬНИК «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі ____________ Ә. Исекешев ____________ Е. Досаев 2015 жылғы «____»________ 2015 жылғы «____»________ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 40) тармақшасына сәйкес әзiрлендi. 2. Осы Қағидалар электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу тәртібін айқындайды. 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әкімшілік-техникалық персонал – техникалық және жедел қызмет көрсетуді, энергия қондырғыларында жөндеу, монтаждау және ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын басшылар мен мамандар; 2) жедел-жөндеу персоналы – өздеріне бекітілген энергия қондырғылар үшін бекітілген көлемде жедел түрде қызмет көрсету үшін арнайы оқытылған және даярланған жөндеу персоналы қатарынан жұмыскерлер санаты; 3) жедел персонал – энергия қондырғыларын жедел басқаруды (тексеру, жедел қайта қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмыс істейтін персоналға рұқсат беру және оларды қадағалау) жүзеге асыратын персонал; 4) жөндеу персоналы – энергия қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді, оларды жөндеуді, реттеуді және сынауды тікелей жүзеге асыратын жұмыскерлер; 5) мамандар – жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналына басшылықты жүзеге асыратын тұлғалар, сондай-ақ электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдардың филиалдарының, цехтарының, қызметтерінің, бөлімдерінің басшылары; 6) техникалық басшылар – электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдардың техникалық мәселелер өндіріс бойынша басшының орынбасарынан, сондай-ақ бас инженер, бас инженердің орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшысынан төмен емес лауазымдағы тұлғалар; 7) электр техникалық персонал – ұйымның энергия қызметінің құрамына кіретін персонал, оған әкімшілік-техникалық персонал, электр энергия қондырғыларын құрастыруды, баптауды, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, жұмыс режимін басқаруды ұйымдастырушы және тікелей жүзеге асырушы жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналы жатады; 8) электр техникалық емес персонал – «электр техникалық» «электр технологиялық» персонал анықтамасына жатпайтын өндірістік персонал; 9) электр технологиялық персонал – өзі басқаратын технологиялық үдерісте негізгісі электр энергиясы болып табылатын, жұмыста қол электр машиналарын, электр дәнекерлеуді, жарықтандырғыштарды және тасымалдық электр құрылғыларын пайдаланатын персонал. 4. Білімді біліктілік тексеруді: 1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган); 2) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері құратын біліктілік комиссиялары жүзеге асырады. 2. Электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру 1-параграф. Электр қауіпсіздігі бойынша топты анықтау 5. Электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алу қызметін жүзеге асыратын энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандары жоғарылау немесе электр қауіпсіздігі бойынша топтың растау, алу үшін білімді біліктілік тексеруден өтеді. 6. Заңның 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын (бұдан әрі – ЭҚПҚТҚ), Заңның 5-бабының 18) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын (бұдан әрі – ЭСЖЖКҚ) және Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын (бұдан әрі – ТПҚ) білуді біліктілік тексеру электр қауіпсіздігі бойынша тобы бес топқа бөліп басшылардың, мамандардың білім көлемін анықтайды. 7. Электр қауіпсіздігі бойынша бірінші топ электр техникалық емес персонал ретінде тікелей еңбек қызметі электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алумен байланысты жұмыстарды жүргізуді болдырмайтын энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарына беріледі. Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандары электр қауіпсіздігі бойынша бірінші топ алу үшін нұсқаманы тіркеу журналында ресімдей отырып, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқамадан өтеді. Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарына электр қауіпсіздігі бойынша бірінші топтағы электр қауіпсіздігі бойынша төртінші топтан төмен емес тұлғаның еріп жүруінсіз тікелей электр қондырғыларының жанында болуға рұқсат етілмейді. 8. Электр қауіпсіздігі бойынша екінші, үшінші, төртінші және бесінші топтары электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдарда қызметі лауазымдық міндеттерге сәйкес ЭҚПҚТҚ, ЭСЖЖКҚ және ТПҚ нормаларын сақтау қажеттігіне байланысты электр техникалық персоналға жататын, энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарына беріледі. 9. Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандары электр қауіпсіздігі бойынша екінші, үшінші, төртінші және бесінші топты алу үшін жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек, оның ішінде қолдан дем алдыру және жүрекке сырттай (тұсынан) массаж жасау әдістерін қолдана отырып көрсете білу, лауазымдық міндеттері шегінде электр қондырғыларында орындалатын жұмысқа қатысты ЭҚПҚТҚ, ЭСЖЖКҚ және ТПҚ сәйкес, қауіпсіздік және техникалық пайдалану жөніндегі талаптарды тәжірибеде қолдана білу қажет. 10. Электр қауіпсіздігі бойынша екінші топ бригада құрамында оның мүшесі ретінде жұмыс істеуге, сондай-ақ ЭҚПҚТҚ талаптарымен белгіленген жұмыстарды өз бетімен орындауға мүмкіндік беретін энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарына беріледі. 11. Қызметтік міндеттемелерге сәйкес берілген электр қондырғыларында жеке жүзеге асыруға энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарына үшінші электр қауіпсіздік бойынша рұқсат тобы беріледі: 1) қызмет көрсетуде, қосу және өшіруге, оның ішінде электр энергиясын есепке алу схемаларында (жүйелерінде) 1000 Вольт (бұдан әрі – В) дейінгі кернеудегі электр қондырғыларында бақылау жүргізу, сондай-ақ электр қондырғыларға жұмыс немесе қалпына келтіру бригадаларына рұқсат беру; 2) құрылыс-монтаж, құрылыс, қосу-қалпына келтіру жұмыстары бойынша бригада жұмысын, және оның ішінде электр қондырғыларында сынау-өлшеу бойынша қадағалау; 3) электр қондырғыларында жұмыс істеу кезінде бақылаушы ретінде, бригада мүшесі ретінде қатысу. 12. Қызметтік міндеттемелерге сәйкес берілген электр қондырғыларында жеке жүзеге асыруға энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарына төртінші электр қауіпсіздік бойынша рұқсат тобы, осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген нормалардан басқа беріледі: 1) жедел келіссөздер жүргізу, электр қондырғыларды және оның ішінде электр қондырғыларында электр энергиясын есепке алу схемаларында (жүйелерінде) қарап өту, қарау, қосуды, қайта қосу мен өшіріп тастауды бақылау; 2) құрылыс-монтажды, жөндеу, қосу-қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін, оның ішінде 1000 В дейінгі кернеудегі электр қондырғыларында сынау-өлшеу бойынша бригадаға рұқсат беру бойынша нарядтарды және өкімдерді беру. 13. Электр қауіпсіздігі бойынша бесінші топ қызметі осы Қағидалардың 10, 11 және 12-тармақтарында көрсетілген нормалардан басқа, сондай-ақ лауазымдық міндеттер шеңберінде құрылыс-монтаж, жөндеу, іске қосу-реттеу жұмыстарын орындау үшін, оның ішінде кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында сынау-өлшеу бойынша бригадаға рұқсат беретін нарядтар мен өкімдерді беруді өз бетінше шешетін энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарына беріледі. 2-параграф. Білімді біліктілік тексеруді жүргізу 14. Білімді біліктілік тексеру үш негізгі түрге: 1) бастапқы тексеру; 2) кезеңдік (кезекті) тексеру; 3) кезектен тыс тексеру болып бөлінеді. 15. Білімді бастапқы біліктілік тексеру үшін ұйымдағы тиісті лауазымға қызметкерді қабылдау туралы ұйым басшылығының өкімдік құжаты (бұйрық) негіз болып табылады. Осы қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы ұйым басшылығының өкімдік құжатына (бұйрық) мынадай жағдайлар жатады: 1) осы ұйымға жұмысқа орналасу кезінде; 2) сол ұйымда тұрақты жұмыс орнынан басқа қызметке ауысқан кезде лауазымдық міндеттер өзгерген жағдайда немесе электр қауіпсіздігі бойынша топқа талаптар артқан кезде. 16. Білімді кезеңдік (кезекті) біліктілік тексеру жүргізу үшін осы Қағидаларда білімді кезеңдік (кезекті) біліктілік тексеру үшін белгіленген мерзімінің аяқталуы негіз болып табылады. Білімді кезеңдік (кезекті) біліктілік тексеруді тағайындау ұйымның техникалық (бұған өкілеттігі болған жағдайда, бөлімше) басшысының жыл сайынғы (келесі жылдың бірінші қаңтарына дейін) өкімдік құжатымен (бұйрығымен) жүзеге асырылады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі басшысының өкімдік құжатына (бұйрығына) ұйымның білімді кезеңдік (кезекті) біліктілік тексеруге жататын адамдарының тізімі әрбір тексерілетін адамға мерзімі көрсетілген кесте түрінде қоса беріледі. 17. Ұйымның техникалық басшылығының және ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтері басшыларының білімді кезеңдік біліктілік тексеруді ұйымдастыру және өткізудің негізі мемлекеттік органның басшысы бекіткен энергетикалық ұйымдардан қызметкерлер туралы алынған ақпарат негізінде жасалған Білімді кезеңдік біліктілік тексеру жүргізу кестесі болып табылады. Жұмысшылар туралы ақпарат мынадай мәліметтерді қамтиды: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, жұмыс өтілі, білімі және лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі немесе лауазымға тағайындау туралы бұйрықтан үзінді көшірме, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтың көшірмесі. 18. Кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін мыналар оның шарттары болып табылады: 1) электр қондырғыларында жұмыс істегенде ЭҚПҚТҚ, ЭСЖЖКҚ және ТПҚ нормалары мен талаптарын бұзушылық анықталған кезде электр энергетикасы саласындағы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның нұсқамасы; 2) нәтижесі бойынша комиссия анықтаған, электр қондырғыларда жұмыс істеген кезде персонал тарапынан технологиялық бұзушылыққа, жазатайым оқиғаға алып келген ЭҚПҚТҚ, ЭСЖЖКҚ және ТПҚ нормалары мен талаптарының бұзылуы анықталған технологиялық бұзушылықты тексеру актісін жасау; 3) ұйымның техникалық басшысының шешімі. 19. Электр энергетикасы саласында жұмыс істеген кезде нормаларды бұзу анықталған кезде мемлекеттік органның нұсқамасын беру жолымен білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындауға негіздерге келесі жатады: 1) егер осы актінің нормалары ұйым жұмысшысының қызметіне өзгерістер енгізетін болса электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді енгізу (жаңадан енгізілетін немесе жаңа редакцияда); 2) өндірістегі жазатайым оқиғаны тексеру актісі, оның нәтижесі бойынша жазатайым оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия анықтаған, электр қондырғыларында жұмыс істеген кезде персонал тарапынан жазатайым оқиғаға алып келген ЭҚПҚТҚ, ЭСЖЖКҚ және ТПҚ нормалары мен талаптарының бұзылуы; 3) ұйым персоналының, оның ішінде нәтижесінде жабдықтың (электр қондырғылардың, ғимараттардың, құрылыстардың) бүлінуі, өндірістің белгіленген режимінің бұзылуы, электр және жылу энергиясын беру және тарату, тұтыну орын алған автоматика, релелік немесе технологиялық қорғаныс құрылғыларын реттеу бойынша, қате іс-әрекеттерінің фактісі; 4) персоналдың жобалау, құрылыс-монтаж, жөндеу, іске қосу-реттеу, сараптамалық жұмыстар кезінде, оның ішінде сынау мен өлшеуде кезіндегі қате іс-әрекетінің фактісі; 5) ұйымда электр энергетикасы саласындағы жұмыс кезінде ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің техникалық басшылары, қызметкерлері тарапынан анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаудың және шараларды қабылдаудың болмауы; 6) егер бұл ұйым жұмысшысының қызметіне өзгерістерге алып келетін, жабдықты (жаңасын немесе оны қайта жаңартқаннан кейін) пайдалануға беру, электр және технологиялық схемаларының өзгерісі кезінде шешім қабылдау ұйымның техникалық басшысында болмаған жағдайда; 7) электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде электр энергетикасы саласындағы сараптық, жобалау ұйымдарының мамандары, энергия үнемдеу және энергия тиіміділігін арттыру саласындағы сарапшылар немесе мамандар (энергия аудиторлар), оның ішінде өлшеулер мен сынаулар бойынша зертханалар (электр зертханалары) тарапынан анықталған бұзушылықтар бойынша. 20. Технологиялық бұзушылықты тексеру актісінің нәтижесі бойынша комиссия электр, жылу қондырғыларында жұмыс істеген кезде қауіпсіздік нормаларының жіберілген бұзушылықтары кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін негіздерге келесі жатады: 1) жабдықты, қондырғыларды жасау кезінде технологиялық бұзушылыққа немесе жазатайым оқиғаларға алып келген отандық дауындаушы-зауыттың персоналы тарапынан; 2) электр, жылу энергиясын өндіру, беру мен тарату және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алу қызметін жүзеге асыратын ұйымның персоналы тарапынан; 3) электр энергетикасы саласындағы жұмыстарды орындаған кезде басқа ұйымдардың қызметкерлері, оның ішінде іссапарға жіберілген персонал тарапынан; 4) электр энергетикасы саласындағы сараптама, жобалау ұйымдарының мамандары, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сарапшылар немесе мамандар (энергия аудиторлары), оның ішінде өлшеулер мен сынаулар бойынша зертханалар (электр зертханалары) тарапынан электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша. 21. Ұйымның техникалық басшысының шешімі бойынша білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындауға негіздерге келесі жатады: 1) персоналдың білімін электр қауіпсіздігі бойынша неғұрлым жоғары топқа көтерген кезде, жұмысшының қалауы бойынша немесе ұйым тарапынан атқаратын қызметке қойылатын талаптарды арттырған кезде; 2) күнтізбелік алты айдан астам мерзім ішінде жұмыс орнында лауазымдық міндеттерді орындамаған кезде; 3) егер жаңа міндеттер электр қондырғыларында жұмыс істеген кезде техникалық пайдалану қағидаларының және қауіпсіздік қағидаларының нормалары мен талаптарын қосымша білуді талап етсе, қызметке тағайындау немесе басқа жұмысқа ауысу кезінде; 4) егер бұл ұйым жұмысшысының қызметінде өзгерістерге алып келетін болса, жабдықты (жаңасын немесе оны қайта жаңартқаннан кейін) пайдалануға берген кезде, электр және технологиялық схемаларының өзгерістері; 5) ұйымда электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшылары, қызметкерлері тарапынан анықталған бұзушылықтар бойынша бақылау және шаралар қабылдау; 6) нәтижесінде еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе өліміне бастайтын жеке тұлғалардың (персоналдың) жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына алып келген қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзу. 22. Білімді кезектен тыс тексеруді тағайындауға осы Қағидалардың 19 - 21-тармақтарында көрсетілген негіздер толық және жан-жақты болып табылады. 3-параграф. Білімді біліктілік тексеруді жүргізудің кезеңділігі 23. Бастапқы білімді тексеру лауазымға тағайындалғаннан кейін бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде немесе ұйымның техникалық басшысы бекіткен даярлаудың үлгілік немесе жеке бағдарламасында көрсетілген мерзімде жүргізіледі. 24. Білімді кезеңдік (кезекті) және кезектен тыс біліктілік тексеру жүргізу мерзімі ұйымдар басшыларының, мамандарының соңғы білімін тексеруден өткен күнге сәйкес осы Қағидалармен орнатылған мерзімде жүргізіледі және әр жұмыс орынды ескерумен ұйым басшысының шешімімен (бұйрығымен немесе өкімімен) ресімделеді. 25. Кезеңдік білімді біліктілік тексеру тексеру мерзімі: 1) әкімшілік-техникалық персонал, электр техникалық (электр технологиялық) персонал арасынан, сондай-ақ үйым бөлімшелерінің техникалық басшылары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшылары мен мамандары (инспекторлары) үшін – күнтізбелік үш жылда кемінде бір рет. 2) электр техникалық (электр технологиялық) персонал үшін, оның ішінде техникалық басшылар мен жедел және жедел-жөндеу персоналының мамандары, әкімшілік-техникалық персоналдың электр қондырғыларында жұмысты тікелей ұйымдастыратын немесе жедел келіссөздер жүргізуге құқығы бар адамдары үшін, сондай-ақ іссапарға жіберілген қызметкерлерге теңестірілетін және құрылыс-монтаж, іске қосу-реттеу жұмыстарын (оның ішінде өлшеулер мен сынаулар) орындайтын техникалық басшылар мен мамандар үшін – күнтізбелік жылда кемінде бір рет. 26. Білімді біліктілік тексеруден өту бойынша іс-әрекет осы Қағидаларда белгіленген немесе мемлекеттік орган тағайындаған мерзім аяқталысымен тоқтатылады. Егер өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш жасалмаса, белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін берілген шағымдар мен құжаттарды, өтінішті қанағаттандыру бөлігінде немесе білімді біліктілік тексерудің уақтылы өтуіне жауап беретін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мүмкіндігін мемлекеттік орган қарайды. 27. Білімді тексерудің белгіленген мерзімінің өтіп кетуі басшылар мен мамандарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес білімді біліктілік тексеруден өтуден босатпайды. 28. Мемлекеттік орган тағайындаған мерзімдер олар аяқталған сәттен бастап, бірақ білімді біліктілік тексеруден өтуге тиісті тұлғаның дерті, іссапары, демалысы, оқу орнында оқуы уәжді себептермен ұйым тарапынан құжатпен дәлелденген жағдайда бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылады. Білімді біліктілік тексеруден өту мерзімі алты айдан астам өтіп кеткен жағдайда осы Қағидалардың 21-тармағының 2) тармақшасының нормалары қолданылады. 29. Кезектен тыс білімді тексеру кезеңдік білімді біліктілік тексеру мерзімдерін өзгертпейді. 30. Кезектен тыс білімді біліктілік тексеру оны тағайындағаннан кейін күнтізбелік бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Кезектен тыс білімді біліктілік тексеру тағайындалған сәттен бастап біліктілікті растау күніне дейін кезеңде электр техникалық емес персоналға теңестіріледі және орын алған қызметі бойынша қызметтік міндеттемелерін орындауға жол берілмейді. 31. Осы Қағидалармен белгіленген білімді біліктілік тексеруден өту мерзімін уәжсіз себептермен бұзған тұлғалар өзінің біліктілігін растамағандармен бірдей өткізіп алған мерзімнен кейінгі күнтізбелік күннен бастап немесе электр қауіпсіздігі бойынша тобы расталмаған (беру) электр техникалық емес персоналға теңестіріледі. Мұнан былайғы жұмыс кезінде біліктілігін растамаған қызметкерге ЭҚПҚТҚ белгіленген тәртіппен басқа электр техникалық емес персоналға жұмысқа ауыстыра отырып электр қауіпсіздігі бойынша бірінші топ беріледі. 32. Білімді кезектен тыс тексеруді жүргізген және бірінші рет тестілеуден кейін біліктілігі расталмаған жағдайда тұлғаға соңғы тестілеуден өткен күннен кейін кемінде күнтізбелік он бес күннен кейін немесе күнтізбелік бір айдан кешіктірмей қайтадан тестілеуден өтуге мүмкіндік беріледі. 4-параграф. Білімді біліктілік тексеруді жүргізу шарттары 33. Білімді біліктілік тексеруді жүргізуге арналған өтініш (бұдан әрі – Өтініш) білімді біліктілік тексеруге жататын тұлғамен осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша ресімделеді. Білімді біліктілік тексеруді жүргізуге арналған жолдама (бұдан әрі – Жолдама) ұйым басшысымен осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша ресімделеді. Ұйымдар басшыларынан, мамандарынан Өтініштер мен Жолдамаларды қабылдау мемлекеттік органның, мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің сәйкес www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Өтініштер мен Жолдамаларды қабылдаған соң күнтізбелік он күн ішінде сәйкесінше мемлекеттік орган, мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері құжаттарды алу туралы хабарлайды. 34. Мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері берілген Өтініштер мен Жолдамалардың негізінде 25 қаңтарға дейін ағымдағы күнтізбелік жылға Білімді бастапқы және кезеңдік (кезекті) біліктілік тексеру жүргізу кестесін қалыптастырады және бекітеді және білімді біліктілік тексеру жүргізілгенге дейін үш ай бұрын ұйымдарға хабарлайды. 35. Білімді біліктілік тексеру тестілеу нысанында өтеді. 36. Ұйымның бірінші техникалық басшылары мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшылары үшін тест сұрақтарының саны 100 сұрақты құрайды. 37. Мамандар үшін тест сұрақтарының саны 80 сұрақты құрайды. 38. Тестілеу уақыты екі сағат. 39. Білімді біліктілік тексерудің тест сұрақтарының тізбесін мемлекеттік органмен әзірлейді және бекітеді. Тест сұрақтарының тізбесі жыл сайын 10 пайыздан 30 пайызға дейін жаңартылып отырады. 40. Білімді біліктілік тексеруге жататын тұлғаның біліктілігін растаған тестілеу нәтижесін мойындауға негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тесттерде қамтылған сұрақтар санының 70 пайызын құрайды. Тестілеу нәтижесі шекті деңгейден төмен тұлға атқаратын қызметінің аясында өзінің біліктілігін дәлелдемеген болып саналады. 5-параграф. Білімді біліктілік тексеруді жүргізу 41. Жұмысшының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен жабдықталған тестілеу залдарында (арнайы үй-жайларда) жүргізіледі. Лауазымдық міндеттеріне сәйкес білімді біліктілік тексеруден өтуге тиісті шетелдік тұлғалар (резидент еместер) осы Қағидаларға сәйкес тестілеуден жалпы негізде өтеді. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеру кезінде тестілеу білімді кезектен тыс тексеруге жіберген ұйым қаржысынан жүргізіледі. 42. Білімді біліктілік тексеруден өту үшін одан өтуге тиісті тұлға тестілеу орнына өзінің жеке басын растайтын құжатпен келеді. 43. Білімге біліктілік тексеруден өтуге тиісті тұлға, тестілеу барысында алдарына қойылған сұрақтарға өздігімен жауап береді және басқа тұлғаларды олардың тестілеуінен көңілін басқа жаққа аудармайды. Жазбалар, келіссөздер жүргізу, оның ішінде электронды (аудио, бейне, басатын) құрылғыларды қолдану тестілеуден өту шартының бұзылуымен теңестіріледі және тұлға тестілеу шарттарының бұзылу актісін ресімдеп тестілеуді тоқтатады. 44. Тестілеудің қорытынды нәтижесі тестілеуге жауапты адамының қолымен электрондық бағдарламамен берілген (таңдалған) әр сұрақтың жауаптарының нақты нәтижелері мен сұрақтардың дұрыс жауаптарының саны көрсетіліп қызметкердің қолына беріледі. Тест тапсырушы тұлғалардың деректерін қолдан жасаудан қорғау ретінде нәтиже бланктерінің жеке және ерекше қорғау деңгейлері бар. 45. Осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесінде біліктілік комиссиясы күнтізбелік он бес күннен соң және бірінші тестілеу өткен күннен бастап бір айдан кешіктірмей қайта тестілеу тағайындайды. Қайта тестілеу бір білімді біліктілік тексеру үшін бір рет өткізіледі. 46. Тұлға бір білімді біліктілік тексеру аясында қайта тестілеуден кейін біліктілігін дәлелдемеген жағдайда білімді біліктілік тексеруді өткізген мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесінің комиссиясы күнтізбелік бір ай ішінде электр қауіпсіздігі бойынша кіші топ бере отырып, тестілеу нәтижелері туралы ұйымға хабарлама жібереді. 47. Белгіленген ай ішінде ұйым басшысы, маманы электр қауіпсіздігі бойынша топты растау үшін білімді кезектен тыс тексеруден өтеді. 48. Егер ұйым басшысы, маманы білімді кезектен тыс біліктілік тексеруден өткеннен кейін бір ай өткен соң өзінің электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобын дәлелдемеген жағдайда, бұл қызметкерге бір күнтізбелік айға электр қауіпсіздігі бойынша келесі аз топ беріледі. 49. Тексерілетін адам білімді біліктілік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда оның тестілеу нәтижелерімен танысқан сәттен бастап бір тәулік ішінде осы Қағидалардың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес білімді біліктілік тексеру комиссиясы төрағасының атына өтініш ресімдеу жолымен білімді біліктілік тексеру нәтижелеріне шағым-арыз беру құқығы көзделеді. 50. Білімді біліктілік тексерудің апелляциясы: 1) бірінші техникалық басшылардың және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің басшылары үшін мемлекеттік мемлекеттік органның комиссиясында; 2) ұйым мамандары үшін мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері құратын комиссияларында жүзеге асырады. 51. Біліктілік комиссиясы: 1) бірінші техникалық басшылардың және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің басшыларының білімін біліктілік тексеру үшін мемлекеттік органның; 2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, білімін біліктілік тексеруге тиісті мамандардың арасынан ұйым адамдарын біліктілік тексеру үшін мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің бірінші басшының бұйрығымен құрылады. 52. Мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің біліктілік комиссияларының құрамын мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам айқындайды. 53. Комиссия құрамы жазбаша шақырылғаннан соң белгіленген кесте бойынша комиссия жұмысына қатысуға келісімін берген ұйымдар мен ведомстволардың басшыларының арасынан тарту мүмкіндігімен кемінде 3 (үш) адамнан құралады. Комиссия жұмысының жұмыс кестесі және белгіленген күні мен уақытында тартылатын тұлғалар болмаған немесе кешіккен жағдайда комиссияның отырысы олардың қатысуынсыз өткізіледі және комиссия шешімінің күшін жоюға негіз болмайды. 54. Қызметкер осы Қағидалардың 46 және 50-тармақтары бойынша біліктілік тексеруден өткен және өзінің электр қауіпсіздігі бойынша тобын дәлелдемеген жағдайда, ұйымның басшылығы оның осы ұйымда (лауазымда) одан әрі болуына қатысты шешім қабылдайды. 55. Порталда аттестаттаудың нәтижесі мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі. 56. Біліктілік комиссиясы отырыстарының хаттамаларын, білімді тестілеу нәтижелерін есепке алу, сақтау тәртібін мемлекеттік орган орнатады. 57. Біліктілік комиссиясы отырыстарының хаттамаларын және білімді тестілеу нәтижелерін сақтау мерзімі кемінде үш жылды құрайды. 58. Мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің біліктілік комиссиялар отырыстарының хаттамалары осы Қағидалардың 5-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес екі данада ресімделеді. Хаттаманың бір данасы маманға бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі. Хаттаманың екінші данасы және тестілеу нәтижелерінің көшірмесі мемлекеттік органда және оның аумақтық бөлімшелерінде сақталады. 59. Білімді біліктілік тексеру нәтижелері ұйым басшыларының, мамандарының біліктілік куәлігіне енгізіледі. Ұйым басшыларының, мамандарының білімді біліктілік тексерудің нәтижелері туралы ақпарат мемлекеттік органның электрондық базасына енгізіледі. Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан __________________________________ (мемлекеттік орган атауы) _________________________________ Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болғанда) № _______ Күні: «___» __________ _______ж. Өтініш Сізден маған Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізуге рұқсат беруіңізді сұраймын. Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпия құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Қосымша: 1) «____» ________ _______ жылғы №____ жолдама; 2) «____» ________ _______ жылғы №_____ лауазымға тағайындау туралы бұйрық көшірмесі. Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан _____________________________________ (бірінші басшының лауазымы) _____________________________________ (тестілеу залының атауы) _____________________________________ Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болғанда) Жолдама техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидалары бойынша _________________________________________________________________________________ (біліктілік тексеруден өту түрін көрсету) _________________________________________________________________________________ тексерілуге тиісті адамның арнайы жеке деректері (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болғанда), ЖСН) өту үшін __________________________________________________________________________ (лауазымы, жұмыс орны (аңды тұлғаның атауы) ____________ ______________________________________________________ қолы (лауазымы, Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) жіберіледі. МО Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан Орталық білімді біліктілік тексеру жөніндегі комиссияның төрағасына __________________________________ __________________________________ ұйымның атауы __________________________________ лауазымы __________________________________ Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болғанда) Өтініш Сізден техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидаларын білуді біліктілік тексеру бойынша тестілеу нәтижелеріне менің апелляциямды қарауыңызды сұраймын, атап айтқанда: Р/с № Нормативтік құқықтық актінің атауы Сұрақтың нөмірі Апелляцияның себебі Апелляцияның нәтижесі 1 2 3 Қолы Күні Комиссия төрағасы:____________ ____________________________________ қолы (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болғанда)) Комиссия мүшелері: ____________ ____________________________________ қолы (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болғанда)) ___________ _____________________________________ қолы (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болғанда)) Апелляция нәтижелерімен _______ ____________________________________ таныстым: қолы (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болғанда)) 20__ жылғы «___» «___________» Ескертпелер. 1. «Апелляция себебі» деген бағанда төменде берілген себептердің бірін көрсету керек: 1) сұрақ дұрыс құрылмаған; 2) жауап дұрыс құрылмаған; 3) дұрыс жауабы жоқ; 4) бағдарлама қатесі (бірдей екі жауап, екі дұрыс жауап, жауап жоқ, сұрақ жоқ, бағдарламаның істен шығуы, жауап санының жетіспеушілігі, сұрақ берілген нормативтік құқықтық актіге қатысы жоқ). 2. «Апелляция нәтижесі» деген бағанда «қанағаттанарлық /қанағаттанғысыз» деп көрсетілуі керек. Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына 4-қосымша Нысан Мемлекеттік органның аумақтық департаментінің білімді біліктілік тексеру аумақтық комиссиясының төрағасына ________________________________________ бойынша (облыстың атауы) ________________________________________________ ұйым атауы ________________________________________________ лауазымы _________________________________________________ Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болғанда) Өтініш Сізден техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидаларын білуді біліктілік тексеру бойынша тестілеу нәтижелеріне менің апелляциямды қарауыңызды сұраймын, атап айтқанда: Р/с № Нормативтік құқықтық актінің атауы Сұрақтың нөмірі Апелляцияның себебі Апелляцияның нәтижесі 1 2 3 Қолы Күні Комиссия төрағасы:____________ ____________________________________ қолы (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болғанда)) Комиссия мүшелері: ____________ ______________________