Ақтөбе облысының шалғайдағы елді мекендерінің тұрғындарына, теміржолшыларына және олардың отбасы мүшелеріне енді диагностикалық тексерілу және медициналық көмек алу үшін республикамыздың ірі қалаларына бармай-ақ, толық медициналық тексерістен өтуге және жетекші мамандардың білікті кеңесін алуға мүмкіндік бар.
Ақтөбе облысының алыстағы стансаларына еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында «Денсаулық» кеңестік-диагностикалық пойызы жол тартады. «Денсаулық» пойызы облыстың 6 стансасына қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. 29 қыркүйек күні Алға стансасынан бастап, одан әрі кесте бойынша 4-9 қазан аралығында Мұғалжар стансасына, 10-13 қазан аралығында Шалқар стансасына, 14-19 қазан аралығында Темір стансасына, 20-24 қазан аралығында Хромтау стансасына және 25-28 қазан аралығында Ақтөбе стансасына медициналық қызмет көрсетеді.
«Жылжымалы емхана» деп аталып кеткен медициналық пойыздың вагондарында дәрігерлердің кабинеттері, диагностикалық корпус, тіркеу бөлімі, тамақтану және демалу блоктары орналасқан. Пойызда УДЗ-диагностикалау, таңу, процедуралық кабинеттер және шағын хирургиялық операциялар жасайтын операциялық блок қарастырылған. Барлық кабинеттер толықтай компьютерленген. Диагностикалық зерттеулердің және тапсырылған талдаманың нәтижесі де көп күттірмейді.
2016 жылдың басынан «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем» және «Денсаулық» кеңестік-диагностикалық пойыздарымен 133 күн ішінде Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының 154 стансасының 35 520 тұрғыны тексерілді, олардың 5 422-сі балалар. Дәрігерлерге келушілердің жалпы саны 274 285 адамды құрады. 183 536 диагностикалық процедура, 1 004 амбулаторлық операция жасалды. Маммологта 5 397 әйел адам қаралды. 10 219 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді. Жұмыс нәтижесінде пойыз мамандары 86 292 ауру түрін тіркеді, олардың 8 446-сы балаларда. 1 168 қатерлі ісік анықталды.
Шалғайдағы елді мекен тұрғындары осындай көмек көрсетілгеніне алғыс айтып, ризашылықтарын білдіруде.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026