ХІІ халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында және Алматы киностудиясының 75 жылдығына орай, еліміздің әйгілі кинематографистеріне арналған мемориалдық тақталар қатары ұлттық кино өнеріне еңбегі сіңген төрт таланттың есімімен толықты.
«Қазақфильм» киностудиясының Жұлдыздар аллеясына белгілі кинорежиссер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Ораз Рымжановтың, белгілі режиссер, КСРО Кинематографистер одағының мүшелері Шәріп Бейсембаевтың, Қанымбек Қасымбековтің және актер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сағи Әшімовтің жұлдыз-тақталары орнатылды.
Аллея алдында өткен митингке «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің бас директоры Рашид Нұғыманов, қазылар алқасының төрағасы, режиссер Валерий Тодоровский, «Қазақфильм» киностудиясының басшылық құрамы, белгілі режиссерлер мен актерлер, жаңа жұлдыздарды иеленген майталман өнер иелерінің туыстары мен жақын достары қатысты.
«Бүгін – үлкен мереке. Өз кезеңінде отандық кинематографияның дамуына өлшеусіз үлес қосқан адамдарды өмір бойы есте сақтап жүруіміз өте маңызды», деді Сағи Әшімовтің әкесі, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов.
Жұлдыздар аллеясына барлығы 30 кино қайраткердің есімі жазылған. 2011 жылы VІІ халықаралық «Еуразия» кинофестивалі кезінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының аумағына қазақ киносының саңлақтарына арналған Аллея ашылып, онда қазақ киносының корифейлері – Шәкен Аймановқа, Сұлтан-Ахмет Қожықовқа, Мәжит Бегалинге, Абдолла Қарсақбаевқа, Серәлі Қожамқұловқа, Қалибек Қуанышбаевқа, Әмина Өмірзақоваға, Әнуар Молдабековке, Ыдырыс Ноғайбаевқа, Нұрмұхан Жантөринге, Кененбай Қожабековке тақталар орнатылған болатын.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10