Минск қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы іс-шарасы аясында Қазақстанның Беларусьтегі елшілігінің ұйымдастыруымен Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Л.С.Ахметованың «1941. Брест қамалы. Қазақстан» атты кітабының автордың қатысуымен тұсаукесері өтті.
Тұсаукесерге Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының депутаттары, саясат және қоғам қайраткерлері, соның ішінде Қазақстанның Достар клубының мүшелері, академиялық топтар мен қазақ диаспорасының өкілдері, жергілікті тарихшылар, жазушылар мен журналистер, сондай-ақ қазақстандық курсанттар қатысты.
Өзінің сөзінде Қазақстанның Беларусьтегі елшісі Е.Бөлегенов аталған еңбектің Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жарық көруінің нышандық мәні бар екенін айтып, Л.Ахметованың кітабы Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеудегі «ақтаңдақтарды» жоюға үлкен үлес қосатындығын атап өтті. Соғыстың аса ауыр бастапқы кезеңінде қаза тапқан сан мыңдаған қазақстандықтың аттары белгісіз болып келді. Ал ғалымның жаңа еңбегі күні бүгінге дейін аттары белгісіз Брест қамалын қорғаушылардың тізімін айтарлықтай, яғни 556 қазақстандыққа толықтырып отырса, олардың жартысы – қазақтар. Қамалды қорғаған барлық 7 мың жауынгердің шамамен 1 мыңы Қазақстаннан шақырылғандар болып табылады.
Л.Ахметованың күш-жігерінің арқасында қазақстандық жауынгерлердің көпшілігінің аттары белгілі болып отыр. Олардың арасында із-түзсіз кеткендер де бар.
Біздің елдеріміз Еуразиялық экономикалық одаққа бірігіп отырған жағдайда кітаптың өзектілігі арта түседі.
Барлық сөйлегендер, соның ішінде Беларусь Ұлттық кітапханасының директоры Р.С.Матульский, Беларусь Республикасы МҚК ардагерлер кеңесінің төрағасы, полковник А.П.Васильев және басқалар Қазақстан мен Беларусь халықтарының бауырластық тамыры тереңде екенін атап көрсетіп жатты. Ал автор тұсаукесерді ұйымдастырған Қазақстанның елшілігі мен барлық қатысушыларға шынайы алғысын білдіріп, Беларусьтің кітапханалары мен кітап қорларына кітаптың 200 данасын сыйға тартты.
Іс-шара аясында Ұлттық кітапханада, сондай-ақ елшілік тарапынан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, қазіргі Қазақстанның жетістіктерін, сонымен бірге Президент Н.Ә.Назарбаевтың ядроға қарсы бастамаларын айшықтайтын фотокөрме ұйымдастырылды.
«Егемен-ақпарат»

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20