Жыл басынан бері Қазақстанда 20 мыңнан астам әртүрлі тақырыптағы бейәдеп интернет-материалдар бұғатталды. Бұл деректі Ақпарат және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов жария етті, деп хабарлайды еgemen.kz тілшісі.
«16 жасқа толмаған тұлғалардың әлеуметтік желілерде тіркелуін шектеу» тақырыбында өткен отырысқа мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері қатысты. Жанат Қожахметов министрліктің мемлекеттік мекеме ретінде интернет пен әлеуметтік желілерді мұқият бақылап отыратынын, мазмұны бала психологиясына зиян сайттармен қатар, зиянды мәліметтердің де бұғатталатынын айтты.
«Біз құзырлы органдармен бірлесе отырып пайдасынан зияны көп сайттардың жұмысын тоқтатамыз. Одан бөлек, жеткіншектер көп қызығатын әлеуметтік желілердің өзін де қатаң қадағалап, сараптап отырамыз. Биылдың өзінде 20 мыңнан астам материалды бұғаттадық. Себебі, олардың басым бөлігі балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін, теріс ағымдарға шақыратын, бұзақылық әрекеттер арқылы қатігездікке баулитын және порнографиялық мазмұндағы материалдар», деді ол.
Жиында балаларды интернеттің қауіп-қатерінен қорғау үшін техникалық мүмкіндіктер арқылы шектеу қою туралы да түрлі ұсыныстар айтылды. Солардың бірі – «балалар интернетін» қосу мүмкіндігі.
«Бәлкім, байланыс операторларымен бірлесе отырып жеткіншектерге арналған «балалар интернеті» қызметін іске қосу керек шығар. Бұл кейбір елдердің тәжірибесінде бар нәрсе. Белгілі бір деңгейде интернеттің тарифін енгізіп, өзгесіне шектеу қойылуы керек. Оның ерекшелігі, балаларға арналған интернетте зиянды контентті бұғаттау міндеттелетін болады», деді Қожахметов.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»
• 30 Қыркүйек, 2016
Қазақстанда балалар интернеті пайда болуы мүмкін

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026