«Дипломмен ауылға» жобасы іске қосылғаннан бері ауылдық жерлерге жалпы сомасы 9,3 млрд теңге көтерме жәрдемақы алған 46 631 маман тартылса, оның 19 263-іне тұрғын үй сатып алу үшін 43,6 млрд теңге бюджеттік несие берілген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрлігінің экономиканың инфрақұрылымдарын дамыту департаментінің директоры Ұлан Жазылбек мәлімдеді.
Департамент директорының деректеріне сүйенсек, ағымдағы жылы жоба шеңберінде республика бойынша 5 850 маманды ауылға тарту үшін көтерме жәрдемақы ұсынуға 2,1 млрд теңге және 2 725 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 8,6 млрд теңге бюджеттік несие ұсыну қарастырылған. 2017 жылы 3 232 маманға тұрғын үй сатып алуға 11,0 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2009 жылы басталған болатын. Ол жас мамандарды жұмыспен қамти отырып, әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуді көздейді.
Мамандар аталған жобаны іске асыру бүгінде бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті. Әсіресе өткен жылдармен салыстырғанда ауылдық жерлерге кадрлар келуінің артқандығы байқалуда.
Жалпы «дипломмен ауылға» келуші мамандар саны әр салада әртүрлі. Мәселен, білім беру саласына – 33 400, денсаулық сақтауға – 9 813, мәдениетке – 1 289, спортқа – 616, әлеуметтік қамсыздандыруға 403 және агроөнеркәсіп кешеніне 1 110 адам тартылған.
Департамент директоры атап өткендей, жобаның тиімді шарттарына қарамастан, оны жүзеге асыру барысында проблемалық мәселелер де жоқ емес. Кейбір мамандардың үш жылдан кем емес уақыт жұмыс істеу міндеттемесін орындамау жағдайлары кездеседі. Бұл ретте маман өзіне ұсынылған әлеуметтік қолдау шараларын толық көлемде қайтаруға міндетті.
Динара БІТІКОВА
• 30 Қыркүйек, 2016
«Дипломмен ауылға» 46 мыңнан астам маман тартылды

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026