Каспий аймағының ағымдағы геосаяси жағдайы аймақ елдерінің Каспий теңізін пайдалану режімін анықтау және бұл режімнің жаңа құқықтық мәртебесін құру туралы өзара тиімді шешім іздеу қажеттілігін анық көрсетуде.
Жиырма жылдан астам уақыт бойы Каспий теңізі жағалауындағы елдер теңіз түбінің үстіңгі жағындағы, теңіз түбіндегі және жер қойнауындағы суларды, сондай-ақ Каспий теңізінің үстіндегі әуе кеңістігін пайдалану құқықтарын сақтауда тараптардың заңдық міндеттемелерін реттейтін бес тарапты құжатты қабылдауға белсенді ат салысып келе жатыр. Аймақ мемлекеттері арасында жақсарған саяси үнқатысудың қалыптасуы нормативтік-құқықтық актілерді табысты жүзеге асыру үшін шешуші алғышарттардың бірі болып табылады. Халықаралық құқықтық нормаларды түсіндіру жөнінде бес Каспий маңы мемлекетінің бір-біріне қайшы келетін және кейде бір-бірін жоққа шығаратын іс-әрекеттеріне куә болған тараптар аймақтық мәміленің тек ең жоғары деңгейде жасалатын тікелей саяси консультациялар арқылы мүмкін болатынын анық түсінді. Нәтижесінде, 2000 жылдардың басында Каспий теңізі жағалауындағы елдердің басшылары Каспий саммиті пішімі деп аталатын бесжақты келіссөздер тетігін құру туралы шешім қабылады.
Осы уақытқа дейін Каспий маңы бес мемлекеті басшыларының Каспий саммиттері аясында төрт кездесуі өтті. Алайда, бұл келіссөздердің оң әсері тек он жылдық консультациялардан кейін ғана кеңінен таныла бастады. Мысалы, 2002 жылғы 23-24 сәуірде Ашғабатта өткен І Каспий саммитінің алғашқы күнінде бес Каспий маңы мемлекеті басшыларының барлығы теңізді делимитациялау мәселесіне қатысты пікірлерін қандай да бір икемділік не өзара түсіністік танытпай білдірді. Даулы теңіз мұнай-газ кен орындарына (Азери – Чираг – Кяпаз/Омар – Осман – Сердар) қатысты Әзербайжан президенті Гейдар Әлиев пен Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязов арасындағы қарама-қайшы көзқарас жағдайды одан әрі қиындатып жіберді. Нәтижесінде, Каспий маңы мемлекет басшылары бірлескен декларацияға қол қоюдан бас тартты және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудың алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды. Сондықтан, тараптардың келесі Каспий саммитін, алдын ала жоспарлағандарына қарамастан, 2003 жылдың сәуір айында Тегеранда өткізе алмағандары таң қаларлық оқиға емес еді.
Алайда, Ашғабатта өткен жоғары деңгейдегі кездесу кейбір оң ілгерілеушіліктерге себеп болды. Бір ай ішінде Баку ирандықтар Эльбрус деп атайтын Алов – Араз – Шарг даулы көмірсутегі кен орындарындағы барлау жұмыстарының шекара мәселесі шешілгенге дейін тоқтатылатынын ресми түрде хабарлады. 2003 жылдың ақпан айында Баку қаласында Каспий маңы мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде өткен Арнайы жұмыс тобының 8-ші сессиясы барысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу мәселесі біраз алға басқанда жағдай перспективалы болып көріне бастады.
Дегенмен, Каспий маңы мемлекеттерінің 2007 жылдың 16 қазанында Тегеранда өткен ІІ Каспий саммитін ұйымдастыруы 5 жылға созылды. Бұл жолы көпжақты ынтымақтастық пен Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты перспективаларды талқылау сындарлы жағдайда өтті. Нәтижесінде, тараптар навигация, тасымалдау, қауіпсіздік сияқты түрлі мәселелерді қозғаған 25 баптан тұратын ортақ декларацияға қол қойды. Тараптар Каспий маңы мемлекеттерінің бір-біріне қарсы қарулы күштерді пайдаланбауы және жағалау елдерінің біріне қарсы басқа бір мемлекет тарапынан ұйымдастырылатын әскери операция үшін өз аумақтарын пайдалануға рұқсат бермеуі жөнінде бірауыздан келісті (14-15-бап). Сонымен қатар, Тегеран декларациясында Каспий теңізінде жүк тасымалдаудың тек жағалау елдерінің туы астында жүзеге асырылуы тиіс деп көрсетілген (7-бап). Құжатта, сондай-ақ, Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізі Каспий кеңістігінің ажырамас бөлігі ретінде бекітілген (4-бап). Сондықтан, Тегеран саммиті барысында Каспий маңы бес мемлекетінің басшылары қол қойған осы алғашқы саяси құжат, экономикалық, энергетикалық және қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, Каспий күн тәртібінің кеңейтілгенін көрсетеді.
Каспий теңізі режімі туралы келісімге келуге қажетті кейбір негізгі мәселелер бойынша тараптардың жақындасуына қарамастан, ІІІ Каспий саммиті де айтарлықтай кешігулерге тап болды. 2008 жылы Бакуде өтеді деп күтілген Баку саммиті елеулі келіспеушіліктер салдарынан сол жылдың 18 қарашасына кешіктірілді. Теңізді делимитациялауға қатысты ең маңызды және ең даулы мәселелердің еленбей қалуына байланысты тараптар ІІ Каспий саммиті барысында Каспий бестігі бекіткен Декларацияның ережелерін біріктірген кеңейтілген ортақ декларацияға қол қоя алды. Сонымен қатар, саммит барысында тараптар Каспий маңы елдері арасындағы өзара қарым-қатынастарда жаңа кезеңнің басталғанын көрсеткен алғашқы бесжақты ресми келісімге қол қойды. Каспий теңізінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
қатысты ынтымақтастық туралы келісімде лаңкестік, браконьерлік, ұйымдасқан қылмыс және контрабандаға қарсы күрес, сондай-ақ қауіпсіз жүк тасымалын қамтамасыз ету сияқты қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бағыттары көрсетілген.
Қатысушылардың саммит кезіндегі талқылауларында ұлттық теңіз аймақтары енінің үйлестірілуі қарастырылған алғашқы күн тәртібі шеңберінен шыға алмағандарын атап өткен жөн. Сөйтіп, тараптар алдағы үш ай ішінде жағалаудан 24 немесе 25 миль арақашықтықта орналасқан теңіз шекараларына қатысты ұсыныстар дайындау жөнінде тиісті мекемелерге нұсқаулар беруге келісті.
Алайда, ұлттық теңіз аймақтары мәселелерінің шешімі кейінге қалдырылды. Каспий маңы бес мемлекеті бұл мәселеге тек төрт жылдан кейін, атап айтқанда, 2014 жылдың 29 қыркүйегінде Астрахань қаласында өткен IV Каспий саммиті барысында орала алды. Бұл мәселе 19 баптан тұратын соңғы коммюникені қабылдау арқылы шешілді. Осы коммюнике бойынша, жағалау елдерінің ұлттық егемендіктеріне сәйкес, арақашықтық жағалаудан 15 теңіз миліне дейін ұзартылып, бұл арақашықтыққа балық аулауға арналған қосымша 10 теңіз милі қосылатын болды. Сондай-ақ, саммит соңында Теңіздегі биологиялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімге, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге және Каспий теңізінің гидрометеорологиясы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Каспий келіссөздеріндегі соңғы оқиғалармен жігерленген тараптар 2016 жылы Қазақстанда өтетін V Каспий саммитіне Каспийдің теңіз суларының және теңіз түбінің аражігін ажырату және бөлуге қатысты нәтижелерге жететіндеріне сенімді болып қатысты. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тараптардан Астана саммиті барысында конвенцияның соңғы нұсқасын қабылдауды талап етті. Алайда, 2016 жылдың 13 шілдесінде Астана қаласында өткен Каспий маңы мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің кездесуі барысында жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғалар әлі де шешуі қажет бірқатар мәселелердің болғанын мәлімдеді. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров тарапынан ұсынылған оптимистік сценарий бойынша, енді құжатқа 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында қол қойылуы ықтимал делініп отыр.
Дегенмен, Астана саммиті конвенцияны әзірлеу үдерісі аяқталғанға дейін кейінге қалдырыла беруі мүмкін. Екінші жағынан, тараптар саммит барысында аймақтық ынтымақтастықтың, ең маңызды мәселелерін талқылау мақсатында конвенцияға қол қоюды тоқтата тұрулары да ғажап емес. Бұл жағдайда V Каспий саммиті, әсіресе бес Каспий маңы елдерінің экономикаларына бағытталатын болады. Мысалы, Каспий маңы елдерінің басшылары Қазақстанның Каспий теңізінде еркін сауда аймағын құру туралы ұсынысына немесе Түрікменстанның бастамасы бойынша жасалған Сауда және экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді әзірлеу мәселесіне назар аударуы мүмкін.
Осыған байланысты, ең жоғары деңгейдегі кездесу Каспий теңізінде келіссөздер үдерісін жандандырудағы негізгі фактор болып табылады. Каспий саммиттері басталғаннан бері жағалау маңындағы мемлекеттер аймақтағы әріптестікке қатысты барлық дерлік ірі мәселелер бойынша бірлескен іс-шаралар өткізді. Сондықтан, алдағы саммит барысында бұл конвенцияға қол қойылмаса да ең жоғары деңгейдегі кездесу Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы түйткілді мәселені шешу үшін зор әлеуетке ие деуіміз керек.
Лидия ПАРХОМЧИК,
саясаттанушы

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026