Астана әкімдігінде «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің ІІ пленумы өтті. Бұған дейінгі пленум отырысында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасының міндетін атқарушы лауазымына Бақтықожа Ізмұхамбетовтің кандидатурасы ұсынылып, оны Президиум мүшелері бірауыздан мақұлдаған болатын.
Кешегі жиынның күн тәртібінде төралқа мүшелері «Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасының лауазымына Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Сөйтіп, Астана қалалық «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің мүшесі және төрағасы болып Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Ізмұхамбетов сайланды. Енді ол Мәжіліс депутаты бола жүріп, Ардагерлер кеңесі төрағасының қызметін қоса атқармақ. Ал жауапты хатшы қызметіне К.Бекмағанбет сайланса, бұған дейін ол қызметті атқарып келген А.Ржавский өз еркімен жұмыстан босатылды. Және осыған дейін аталған кеңестің төрағалық қызметін абыройлы атқарған Өмірзақ Озғанбаев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Жиын барысында ардагерлердің материалдық және әлеуметтік тұрмыс жағдайы, медициналық, тағы басқа да көмек түрлерін жақсарту мәселесі туралы ұсыныс-пікірлер қызу талқыға түсті. Тиісінше, оны шешу жолдары қарастырылып, алдағы уақытта ардагерлерге жеңілдіктер қарастырылып жатқаны туралы да сөз болды. Өз кезегінде ардагерлер қауымына қолдау көрсетіп, ұйымға демеушілік жасап жүрген кәсіпкерлерге алғыс айтылды.
Қорытынды нәтижесінде кеңес мүшелері мен жиынға қатысушылар ұйым жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады. Айта кетейік, пленум жұмысына Орталық Кеңестің 81 мүшесінен бөлек, тексеру комиссиясының 7 мүшесі, түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері мен ардагерлер қозғалысының белсенділері қатысты.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ
АСТАНА

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026