01 Қазан, 2016

Қоғамдық кеңестің міндеті мен мақсаты

770 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
birganym-aytimovaҚоғамдық кеңес төрайымы, Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімованың жетекшілігімен Сыртқы істер министрлігі (СІМ) жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісі болып өтті. Мәжіліс барысында Сырт­қы істер министрі Ерлан Ыдыры­сов Кеңес мүшелерін ведомство­ның әлем­дегі геосаяси жағдай аясындағы ағым­дағы жұмыс­тарының шешуші ба­ғыт­тары мен басымдықтары туралы хабар­дар етті. Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сіне алдағы төрағалығы тақы­рыбына ерекше назар аударылды. «Бұл миссия біз үшін үлкен жауап­­­кершілік болып табылады. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмы­сына халық­аралық бейбітшілік пен қауіп­­­сіздік, превентивті дипломатия, жан­­жал­дарды реттеу мен жанжалдан кейінгі қалпына келтіру, бітімгер­шілік, адам құқықтары, гендерлік тең­дік, халықаралық құқық секілді сала­­ларда үлес қосуға ұмтылатын бола­мыз. Орталық Азия аталған орган тари­хында алғаш рет Қауіпсіздік Кеңе­сінде өкілеттік ететін болады. Біз­дің мүше­лігіміз – Кеңес мүшелері­нің назарын өңірлік қауіпсіздік, оның ішінде Ауғанстанды тұрақтандыру мәсе­лелеріне аударуда үлкен мүм­кіндік болып табылады. Біздің бас­ты идеямыз – өңірді бейбітшілік, ынтымақтастық және қауіпсіздік өңіріне айналдыруға ықпал ету», – деп атап көрсетті Е.Ыдырысов. Б.Әйтімова Кеңестің үш шешуші бағыт – ақ­па­раттық, сарап­шылдық-тал­да­малық және жұртшы­лықпен бай­ланыс, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар бағыт­ындағы жұмыс қоры­тын­дылары туралы айтып берді. «Әр бағыт бойынша жұмыс топтары құрылса, олар тарапынан бірқатар міндеттер жүзеге асты. Кеңес мү­ше­лері БАҚ-тарда сөз сөйлеп, ірі халықаралық шараларға, оның ішін­де шетел­дік шараларға қатысып жүр. Қа­зақ­стан елшілерінің СІМ-де өте­тін тақырыптық брифингтеріне де үлес қосып тұрады. Президент жа­­нындағы Қазақстанның стра­тегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп, басымдық берілген елдер және өңірлермен ынты­мақтастықты бел­сенділендіру бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру үдерістері де бас­талып кеткен. Аталған бағыттардағы жұмыс барыстары Кеңес мүшелерінің өзде­рін қызықтырған тақырыптарға тере­ңі­рек бойлауларына мүмкін­дік бе­ріп отыр. Ал СІМ өзі тарапынан қандай да бір мәселенің ағым­­дағы жағдайына ішкі бағалау жүр­гізді. Осы тұрғыдан алғанда, жұмыс­­тардың бағыт алған қырла­ры Қоғам­дық кеңестің мін­деттері мен мақсат­тарына толық көлем­де сәйкес келеді»,– деді Б.Әйтімова. Кеңестің «Қазақ мемлекеттік заң университеті» АҚ-тың Халық­аралық құқық ғылыми-зерттеу орталығымен ынты­мақтастығы жөніндегі жаңа перспективалы жоба бойынша Лиля Испенбетова әңгімеледі. Аталған бағыт қазақ­стандық заңнамаларды әрі қарай жетілдіру мен оларды халықаралық стандарттарға кел­тіру бойынша ұсынымдамалар жасауда өзара іс-қимылды ынталандыруды көздейді. Кеңес тарапынан СІМ-нің зерттеу жұмыстарындағы мін­дет­терін талқылау, 2015 жылы жүр­гізілген кең ауқымды шолу зерт­теулері мәсе­лелері де қозғалды.  Мәселен, Мем­лекет бас­шы­сының Бес институттық бағдар­­ламасы аясында бірқатар жаңа заң­дар қабылданды. Қыз­меттері же­ке заң­мен реттелетін Қоғам­дық кеңестер құры­луының өзі осы рефор­малардың бір бөлшегі болып табылатыны атап өтілді. Жаңа қадамдар жасау мен енгізу өте ауқымды алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізуді талап етті. Сол кезеңде СІМ-нің шешуші жұ­мыс бағыты Бес реформаны жүзе­ге асыру бойынша халықаралық тә­жірибеге негізделген сараптамалар жүргізулер болып табылды. Бұл арада шетел тәжірибелері де ес­керілді. Тұтастай алғанда, 50-ден ас­там елдің тәжірибелері зерттелді. Мысалы, шетелдердің мемлекеттік қыз­мет жүйесі, саяси жүйесінің эво­лю­циясы мен жемқорлықпен күрес тәсілдері; сот төрелігі жүйесі; ұлт­тық біртектілікті қалыптастыру мен нығайту; индустрияландыру мен эконо­микалық өсім, экономиканы әрта­раптандыру, энергетикалық қауіп­сіздік, жасыл технологияларға көшу­дегі шаралар мен энергияның қайта­­лама көздерін пайдалану, инно­ва­ция­лық кластерлерді дамыту, әлем­дік инте­грациялық үдерістер секіл­ді тақырып­тар жан-жақты сарап­талды. Шет мемлекеттердің орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі дамуын айқындайтын стратегиялық бағдар­ламалық құжаттарын оқып-үйренуге  бөлек назар аударылды. Осыған байланысты айтатын болсақ, жаңа тәжірибелерге сараптама жүргізу, озық халықаралық тәжірибелерді оқып-үйрену СІМ-нің тұрақты  жұмысы болып табылатыны атап өтілді. Ал ғылыми және сарапшылық институттар тарапынан осы бағыттағы идеяларды пайымдау қажет екендігі де назардан тыс қалған жоқ. Бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақ­стан Республикасы мемлекеттік орган­дары­ның қызметін тиімді жү­зеге асыратын жүйе құруды қамта­масыз етуге бағыт­талып отыр. Сыртқы істер министрлігі жанын­дағы Қоғамдық кеңестің кезекті мә­жілісі үстіміздегі жылдың желтоқ­сан айында өтеді деп белгіленді. Сәулебек БІРЖАН