01 Қазан, 2016

Астанада Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының жәрмеңкесі өтіп жатыр

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
vfy Елордадағы «Ханшатыр» СОО алдындағы алаңда өтіп жатқан Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде бекіре балығына сұраныс өте жоғары, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» тілшісі. Ақтөбе облысынан 100 тоннаға тарта ет, 25 тонна балық, 100 тонна көкөніс, 24 тонна сүт пен сүт өнімдері, сондай-ақ басқа да азық-түліктер әкелінген. Маңғыстау облысының сауда шатырларында негізінен, балық пен шұбат өнімдері сатылып жатыр. Мұнайлы өңірден бекіре балығы тірідей жеткізілген. Оның килосы 4 500 теңге тұрады. Өлі бекіре – 3 500 теңге. Бұларға халықтың сұранысы жоғары болғаны соншалық, балықтар түске дейін толық сатылып кеткен. Арнұр АСҚАР man